Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу,талапқа сай білім беру,бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да мұғалім алдында балаға жүйеленіп,дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай,оны жалпы дамыту,яғни сөйлеу,оқу,қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру,жағдайларды обьективті түрде бақылап,талдау жасауға үйрету,ойын дұрыс жеткізе білуге,дәлелдеуге,сөйлеу мәдениетіне,шығармашылық бағытта жұмыс істейтін,біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.
Ұлы неміс педагогы А. Дистервергтің әйгілі: "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық"атты еңбегінде: "Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді,ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,ойлауға үйретеді"-деген. Ал ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Бұл сабақтағы ерекше ахуал,мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастырып,оқушының шығармашылығын арттырады.
Қабілеттілік дегеніміз дамудың нәтижесі болғандықтан,оның туа бітуі немесе генетикалық құбылыс болуы да мүмкін емес. Қабілеттіліктің дамуына негіз болатын туа біткен факторларға дарындылықты жатқызамыз. Дарын әр түрлі нәрсе. Соның негізінде қабілеттілік дамиды,бірақ оның қалыптасып,күш алуы үшін іс-әрекет керек. Оқушы қабілеті дегеніміз,оның педагогикалық ықпал аясындағы білім алу әрекеті. Жеке тұлғаны дамыту,оқыту әдістері оның шығармашылық қабілетінің оң немесе кері дамуына әсер етеді.
Шығармашылық қабілетті дамыту тұлғалық-дамытушылық оқытудың мақсаты. Кез-келген оқыту дамыта алады,бірақ оның мазмұны мен әдістері дұрыс бағытталмағандықтан,нәтижесінде дамитын сапалар тар шеңберде қалады.
Сабақты жақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: