Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятуда шығармалардың тиімділігі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятуда шығармалардың тиімділігі.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекеті екенін барша әлемге дәлелдеді. Ендігі міндетіміз-мемлекеттің жағдайын көтеру. Қазақстанды Отаным деп таныған әр азамат өз үлесін қосуы тиіс. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін біздер, ұстаздар қауымы ат салысуымыз керек. Ол дегеніміз-болашақ жастардың, оқушылардың патриоттық сезімдерін, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту. Отанын, елін, жерін, Ата Заңын, Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге үйрету.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", "патриотизм",ұғымдары сол заманның ақиқаты-наным-сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды.
Ерте заманда қазақтың тілінде «патриотизм» деген сөз болмаған. Бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енді.
Патриотизмнің негізгі мғынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. Раtriotes (грекше) — отандас деген ұғымды береді. Patris Отан, туған жер деген сөз.
Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармаларында қазақ даласының ойшылдары Әбу - Насыр әл - Фараби, Хас Хажиб Баласағұн, Махмұд Қашқари, жыршы - жыраулары Асан қайғы, Доспамбет жырау Қалқаманұлы, Махамбет Өтемісұлы айтқан болатын. Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен байланыст

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: