Оқушылардың математика сабағында формулаларды тиімді қолдану

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Оқушылардың математика сабағында формулаларды тиімді қолдану
Білім беру мазмұны жаңартылған сайын әрбір пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері туындауда. Педагог қауым жаңа білімді игертуде сан түрлі әдіс- тәсілдерді іздестіруде. Көбіне жаңа технологияларды сараптап, тиімділері тандалуда.
Математика сабағында оқушылардың материалды дұрыс ұғынуы, пәнге деген танымдық қызығушылығының артуы, білімнің берік қолданылуы мұғалімнің сабақ өткізудегі шеберлігіне, әртүрлі әдіс тәсілдерді орнымен қолдана білуі жолындағы ізденімпаздығына байланысты.
Жалпы мұғалім қауым өзін үйретуші немесе оқытушы ғана емес, окушысымен сырлас, дос дәрежеде сезінетін болса, шешімі табылмай келе жатқан игі істердің жаңа беттері ашылатын еді. Яғни, көптеген ғалымдар айтып жүргендей, оқушы мен мұғалім арасында "субъект-субъект" қатынасы орнаған жағ- дайда оқытушылардың іздеп жүрген тиімді әдіс- тәсілдері табылғандай болады. Өкінішке орай, әрбір мұғалім өзіндік іс-тәжірибесінен жинақтаған тәсілдеріне көңілі толмай өзгеден іздеуге құштар.
Сол сияқты оқушылардың өздік іс-әрекетіне де еркіндік беруге сарандау келеміз. Жиырма жылдан аса тәжірибемнен түйгенім, оқушыны өздігінен жұмыс істеуге үйрету, өзіндік көзқарасын қорғауға талаптандыру педагог қауымның қызметін әлдекайда жеңілдетеді екен.
Мысалы: 8-сыныпта Виет теоремасы мен Пифагор теоремасын түсіндіру жолдарын қарастырайық:
Виет теоремасы: Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған, екінші коэффициентке, ал түбірлерінің көбейтіндісі бос мүшеге тең.
Теореманы дәлелдеу жолын оқушылардың өздеріне ұсынамыз.
- Келтірілген квадрат теңдеудің формуласын жаз.
- x2 px g 0
- Түбірлері х1 , х2 , -нің формуласын теорема шарты бойынша жаз.
- 1) x1 x2 - p

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: