тырмын. Бұл жерде "Сөйлем түрлері" тақырыбына жеті түрлі деңгейдегі жаттығулар ұсынылып берілді және жаттығулар соңында тақырыпты бекіту мақсатында "Терме диктанты" алынады.
8-сынып
Сөйлем түрлері
І деңгей грамматикалық жаттығулар
1 - жаттығу. Берілген сөйлемдердің айтылу мақсатын анықтап, жақшаны ашып, көп нүктенің орнына қажетті тыныс белгісін қойыңдар. Жақшадан неліктен сол тыныс белгіні таңдағандарыңды түсіндіріңдер.
1. Қазір ол келіп қалса ше . . . (! , ? , . ).
2. Жылқыны тез қайырыңдар . . . (! , ? , . ).
3. Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті . . . (! , ? , . ).
4. Пай-пай, мынаның шабысын-ай . . . (! , ? , . ).
ІІ деңгей Логикалық жаттығулар
2 - жаттығу. Төменде берілген тұрақты сөз тіркестерінің баламасын жақшаның ішінен тауып (әліңе қара, қиянат жасамау, хабарласпау, өте тату), тұрақты тіркестерді қатыстырып, бұйрықты, лепті, хабарлы, сұраулы сөйлемдер құрастырыңдар.
1. Арасынан қыл өтпейді
2. Ешкімнің ала жібін аттамау
3. Ат ізін салмау
4. Көрпеңе қарай көсіл
ІІІ деңгей Танымдық жаттығулар (графикалық модельдеу жаттығуы)
3 - жаттығу. Берілген сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін графикалық модельмен көрсетіңдер.
1. Алға қадам басты.
2. Ол өз ойын басқаға айтар ма?
3. Табиғат қандай тамаша!
ІҮ деңгей Рефлексиялық жаттығулар (проблемалық ситуациялар жасау және оны шешу жаттығуы)
4 - жаттығу. Сөйлем түрлері түсініктеріңді оппозициялық талдауға түсіріп, ортақ және айырым белгілерін анықтаңдар.
Ү деңгей Тіл дамыту жаттығулары
5 - жаттығу. Сөйлем туралы өздерің оқып жүрген орыс, ағылшын тілдеріндегі сөйлем түрлері жайында байланыстырып, дәптерлеріңе ғылыми-көркем шығарма жазыңдар.
ҮІ деңгей Тіл мәдениеті жаттығулары
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>