Отбасында оқушыға жағымды психологиялық жағдай туғызуға арналған жаттығулар.
Мақсаты: Біздің міндетіміз балаларымызға өмірде қуана білуге, қуаныштарымызды бөлісе білуге дағдыландыру.
Құрал –жабдықтар: түрлі-түсті маркер, скоч, тақия, шарф, қағаз, майлық.
Жүргізуші: Қайырлы күн, ата-аналар, қонақтар. Осы кездесуге келгендеріңізге қуаныштымыз. Кездесуіміз тренинг түрінде жүргізіледі. Біздің міндетіміз-сіздерді өмірге қуана білуге, ол қуаныштарыңызды балаларыңызға беруге дағдыландыру. Біз бір-бірімізден қысылмай, ұялмай тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Жылы, мейірімді атмосферада әр адамның ең қымбатты –ата-аналық махабатты жайлы әңгіме өрбітеміз.
1-кезең. Ал енді бір –бірімізден амандасқанымыз жөн болар еді. Бізде ерлер қол алысып, әйелдер «Сәлеметсіз бе?» деп амандасады. (Жүргізушілер бір-бірімен амандасып көрсетеді)
Ал біз бүгін ерекше амандасайық. Ерлер темпнраментті итальяндықтар сияқты бірін-бірі қатты қысып құшақтасады, әйелдер бір –бірімен иық түйістіріп амандасады. Таныстықты жасғастыру мақсатында ата-аналар таратылған дөңгелектерге өз аттарын жазып «визитка» жасайды да, кеудесіне түйрегішпен қадайды. Ал енді 3 шапалақпен бір –бірімізді қошеметтейік. (2минут)
2-кезең. Тақтада «Мен тұлғамын!» сөзі ілінген. Жүргізуші ал енді «Мен тұлғамын» деп ойлайтындар орнынан тұрсын, «Тұлғамын» деген сөзде 8 әріп бар. Әр әріпте қозғалыс берейік, әр әріп жұмысқа кіріседі. Қалай? Оны қазір көресіздер.
Т әрпі А4 форматта тақтаға ілінген. ТҮСІНІСТІК тапсырмасы. Тапсырма мынадай: барлық тренингке қатысушылар жұпқа бөлінеді 1қолдары бос, 1 қолдарымен бір –бірін ұстап тұрады. «Бастаңдар» деген нұсқау берілгенде қонақтар бір-бірін киіндіре бастайды. Бізде алдын ала әр адамға тақия, шарф, қолғап дайындалған. Тапсырманы бір- бірімен ажырамай, көмектесіп
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>