1қолмен ғана орындау қажет. Дұрыс және тез орындаңыздар.
Ұ әрпі тақтаға ілінген. ҰҚЫПТЫЛЫҚ. Ойын «Мен борщке салдым»
Мақсаты: есту арқылы интелектуалдық қабілетін дамыту. Жүргізуші: «Мен борщке қызылша салдым» деп бастайды да, келесі адам алдыңғы айтылғанды қайталап, өзінен бір сөз қосады: «Мен борщке қызылша және қырыққабат салдым» ойын осылай жалғасады.
Жүргізуші көмек ретінде керек сөздерді айтуына болады: картоп, жуа, ет, тұз, бұршақ, балгар бұрышы, қызанақ, қаймақ, сәбіз. Қорытынды: Әркімнің есте сақтау қабілеті әр түрлі. Үлкендер бәрін есте сақтай алмайды. Ал бала ше? Ендеше баланың есте сақтау қабілеттеріне көп көңіл болу керек. 3 шапалақ ( 10 минут)- қонақтарға көмектесіп, тездету керек.
Л әрпі тақтада ілеулі. ЛЕБІЗ –қандай ол? Ойын басталар алдында әрқайсыңыз қағаз майлық алыңыздар . Осы қалыпта ұстай тұрыңыздар. Менің айтқандарымды бұлжытпай орындаңыздар.
Майлықтың оң жақ шетін үзіңіз, енді ортасынан бүктеп оң жақ шетін үзіңіз, ортасынан бүктеп оң жақ шетін үзіңіз, ортасынан бүктеп оң жақ шетін үзіңіз, ортасынан бүктеп оң жақ шетін үзіңіз. Енді салфетканы ашып қараңыз. Не шықты ? Бәріңіздікі бірдей ме? Жоқ ! Неге бірдей шықпады? Бәріміз бір нұсқауды орындадық емес пе?
Қорытынды: Біз әр түрліміз, яғни бір нұсқауды әр бала әр түрлі қабылдайды, егер бізді баламыз түсінсін десек,онда нақты, дәл нұсқау беріңіз. Ендеше әр адам әр түрлі екеніне көз жеткізейік.
3-кезең. Ғ-әрпі тақтада ілінген. ҒАЖАП. Ойын «Сөйлемді аяқта ». Берілген аяқталмаған сөйлемдерді аяқтаңыз. Сіздің мақсатыңыз берілген сөйлемді қызық, ерекше етіп аяқтау. Әрине, әзілқойлығыңыз бағаланады. Кезектесіп тізбек бойынша біріңізден кейін біріңіз жалғастырыңыз. Ал кеттік бастайық.
Бірімізден кейін біріңіз жалғастырыңыз
Менің бойым кішірек болғанмен, есесіне. . .
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>