Отбасыңа жақсылық тілеймін

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бекітемін:
Ақтау қаласы әкімдігінің
Білім бөлімінің 28 "Балдәурен"
бөбекжайы МКҚК директоры
Г. Түйешиева
- 2016ж






Сабақтың тақырыбы: Отбасыңа жақсылық тілеймін.
Сабақтың мақсаты: Балалар бойында жанұя жарастығы,сыйластығы түсінік қалыптастыру. Балалардың санасындағы "Отбасы", "Үй" ұғымдарын кеңейту,балалар бойына жанұядағы өзара жақсы қарым-қатынас пен татулыққа ұмтылуға тәрбиелеу. Әдістер: Әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,шығармашылық жұмыс,ойын,мадақтау. Құрал-жабдықтар:Ағаш үй бейнеленген тақта,жанұя мүшелерінің жеке-жеке суреттері,бесік,шашақтар,дастархан,нан,сүт.
Сабақтың барысы
-Балалар,бәріміз ортаға шығып "Шаттық шеңберін" құрайық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,
Қабыл ал,шын жүректен тілегіміз.
(Жүрекшелермен тілек айтып сиқырлы сандыққа салады)


-Гүлдей жайна! -Еліктей көрікті бол!
-Үлкенді сыйла! -Тастай мықты бол!
-Айдай жарқыра! -Таудай биік бол!
-Кішкентайларға көмектес! -Мейірімді бол!
-Тұнық судай таза бол! -Досыңмен тату бол!
-Күніміз сәтті өтсін! -Ақылды бол!
-Мейірімді бол! -Табиғатты аяла!
-Достарың көп болсын! -Тілегіміз орындалсын!
Т/ші: Барлық балалар сіздерге,келген қонақтарға тек жақсылық тілеймін!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Отбасыңа жақсылық тілеймін!"
-Балалар айтыңдаршы бөбекжайымыздың айналасында нелер бар?
-Үлкен үйлер бар.
-Бұл үйлерде кімдер тұрады?
-Бұл үйлерде адамдар тұрады. "Отбасы" деген ұғымның мәнісі неде? Бір шаңырақтың астында,бір дастарханның басында отыратын сендер айтқан адамдарды отбасы мүшелері деп атаймыз.
Отбасы мүшелері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: