не кімдер жатады?
(ата,әже,әке,ана,аға,апа)
Әр отбасы мүшелерінің өз орны бар. Сөзіміз дәлел болу үшін барлығымыз бірігіп жұмыс жасайық.
(Үй бейнеленген суретті ілеміз)
Отбасы мүшелерін,жақсы тілектер,отбасына қажетті заттарды үйге орналастырамыз.
Дастархан: Нан байлығы-дастархан.
-Дастарханды баспа,дастарханнан аттама.
-Нанды бір қолмен үзбе,ақты төкпе. Дастархан дәмі киелі.
Ата: Ата үлкен кәріміз.
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
Әже: Менің әжемнің аты - Құралай. Ол кісі 56 жаста. Әжем маған қызықты әңгімелер мен ертегілер айтып береді. Әжемді құшақтаймын,бетінен сүйемін. Оның жылы сөздері мен қызықты әңгімелерін өте жақсы көремін. Менің әжем өмірдегі әжелердің ішіндегі ең жақсысы.
Әке: Отбасымыздың тірегі, Ана: Мейірім шашып жүрегі,
Біздерде барлық тілегі. Күн нұрындай күледі.
Қасынан дәйім табылсаң, Айтқан сөзін тыңдасаң,
Рахмет айтып күледі. Жабырқамай жүреді.
Апа: Таудай менің талабым, Мен: Атам не айтса көнетін,
Айна менен тарағың. Апам көңіл бөлетін.
Алып берер тартпадан, Мен осы үйдің кенжесі,
Апа көңілін табамын. Бәрі жақсы көретін.
Бесік: Басталыпты өмірдің көші міне,
Бөлейікші бөбекті бесігіне.
Салт-дәстүрін елінің біліп өссін,
Дариды екен бесіктен құт береке.
-Отбасыма құт-береке,ырыс-несібе,татулық-бірлік орнасын.
-Отбасымнан қуаныш кетпесін.
Күн: Көкте күліп күн тұрсын,
Біз бақытты бүлдіршін.
Міне балалар бір шаңырақ астында тұратын адамдардың сыйластығы,бауырмалдығы,бір-бірімен ынтымағы,татулығы,бірлігі отбасы жарастығын құрайды.
Ойын: "Сенемін-сенбеймін"
-Балалар отбасының мүшесі,
-Атам ұршық иірді.
-Әжем ертегі айтады.
-Кәзір қыс мезгілі.
-Балық
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>