орманда жүр.
-Ойыншықтарды шашамыз.
-Үлкенді сыйлаймыз.
-Қыста далада гүл өседі.
-Біз тату отбасымыз.
Балалар бірге: Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар,
Отбасы мыналар:
Ең жақын адамдар,
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін еремін.
Бір шаңырақ астындағы отбасына өз тілектерімізді білдірейік. (Шаңырақтан тараған ленталарды ұстап тілек айту)
-Ата-аналарымыз аман болсын.
-Дастарханымыз мол болсын.
-Күніміз жарық болсын.
-Достарымыз көп болсын.
Аналарымыз ауырмасын.
-Әжелеріміздің жасы ұзақ болсын.
-Қуанышты күніміз көп болсын.
-Аспанымыз ашық болсын.
-Татулығымыз берік болсын.
-Шаңырағымыз шаттыққа толсын.
-Ұйқымыз тыныш болсын.
-Достығымыз берік болсын.
-Мейірімділік жанымызға серік болсын.
-Жүздеріміз жарқын болсын.
Өте жақсы тілектер айтылды.
Осы тілектер орындалу үшін ,сиқырлы сөздерімізді айтайық.
Сандығым менің ашылар,
Қуаныш ішінен шашылар.
Тілегіміз біздердің,
Бар әлемге таралар. (сандық ішінен гельді шарлар ұшып шығады)
-Міне балалар,мына ғажайып шарлар біздің тілектерімізді аспанға алып ұшты. Демек тілегіміз орындалады.
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Назарларыңызға рахмет!
Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 28 "Балдәурен" бөбекжайы
МКҚК
Жетістіктер апталығы
"Отбасыңа жақсылық тілеймін"
Тәрбиеші: А. Есболова
Ересектер тобы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>