отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым-қатынасын талап етеді. Ата-аналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің максат, міндеттерін түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруларына ықпал етеміз. Ата-аналардың өз балаларының балабақшадағы өмірін, қалай өсіп жетілетіндігі интеллектуалдық жеке қабілетінің қалыптасатынын көріп, біліп отырғаны абзал. Ата-ана мен балабақша атқаратын істер әрқилы болады да, бірінің жұмысын екіншісі атқара алмайды, сондықтан олардың қарым-қатынасы бірін-бірі толықтыруы, бір-бірімен түсінісуі, бір-бірінің бағытында құрылуы тиіс.
Мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлерімен, ережелерімен, тәрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, оларды қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік бере отыра, ата-аналарға "Ашық есік" күн өткізіп, топтарға саяхат жасап, балабақша жұмысынан көрініс көрсетіп, ата-аналармен әңгімелесіп, олардың алған әсерлерімен бөлісе отырып, туындаған сұрақтарға жауап бердік. Мектеп жасына дейінгі мекемелерде өткізілетін жиналыс ата-аналар қатынасының бірлігінің міндетті түрі. Мұндай жиналыстарда жалпы талаптар ұсынылады, балалармен отбасында: еңбек, адамгершілік, дене тәрбиесін ұйымдастыруға, балабақша өміріне бейімделуіне нұсқау беріледі. Балабақшаның ата-аналармен жұмыс жоспарында оларға психологиялық-педагогикалық білімді дамыту жағы көзделуі қажет. Олар үшін сұрақ-жауап кештері, "дөңгелек үстелдер", іскерлік ойындарды өткізу жұмыстары ұйымдастырылады. Ата-аналарға кеңес беру баланың даму мен тәрбиеленуінің, денсаулығын сақтауының накты жағдайларын талдауға көмектеседі. Кеңес беруді өткізгенде сенімді мағлұматтар жинап, белгілі бір отбасының баланы тәрбиелеудегі тәжірибесін пайдалануға болады. Кеңес беруді ұйымдастыруда ата-аналардын дайындық деңгейін
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>