атымен арнайы ата-аналарды балаларымен балабақша ауласын көгалдандыру іс-шараларына қатыстыра отыра, қоршаған ортаға, табиғатты сүюге, еңбекке деген сүйіспеншіліктерін арттырдық.
Абай атамыздың "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?" деген мақсатымен ата-аналарды балаларымен спорттық ойындар кешендеріне қатысуы жиі жоспарланып отырады. Себебі, ойындардың басты тәжірибелік мәні - болашақ ұрпақты жан-жақты дамытып, ой-өрісін өрбітеді. "Әкем анам және мен" атты спорттық жарыс өткізіліп, ата-анаммен балабақшаны бір-біріне жақындастырып, қиыншылықты бірге жеңіп, табысқа жетуге баулиды.
Отбасы педагогикалық процеске тарту, тәрбиеші жеке басына құрметпен, сеніммен қарауға итермелейді. Осы тұрғыда балалардың ата-аналарының үйлеріне бару, Бұл мақсата әртүрлі болуы мүмкін. Тәрбиешінің отбасына баруы, ата-аналарда тәрбиешінің жеке басы туралы көзқарастарын, оның балаларының қарым-қатынас тәсілдері мен әдістері жайлы түсініктерін қалыптастырады. Тәрбиеші сонымен қатар ата-аналардың нені кадірлейтінін, өмір жағдайы, психологиялық ахуалы туралы мәлімет алады. Осы мақсатта ата-аналарды топ өміріне тартып, әртүрлі бірлескен іс-әрекеттер түрлерін, мерекелер мен сауық кештерінің ұйымдастырылуы қажет.
Толық емес отбасында тәрбиеленіп жаткан балаларға ата-аналардың толық мүмкіншіліктері жетпей жатқанда, каржы мәселесін тұрмыстық мәселенің шешуін таба алмай, еңселері түсіп жүрген ата-аналарға психологиялық тұрғыдан көмек болатындай баяндамалар, кеңестер ұсынамын. Бұл отбасылардың өмірдің бастарына түсірген тауқыметіне қарсы тұра алатындай өмірге тез бейімделіп кетуіне себеп болады. Ұжымымызда әлеуметтік жағдайы төмен, қамқорлықтағы, көпбалалы отбасына көмек ұйымдастырылды. "Қайырымды болсаң өзгеге, шапағаты тиер өзіңе" акциясы ұйымдастырылд
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>