ескеру маңызды. Бұл кеңес берудің түрін аныктайды. Жекелей кеңес беру екі жақтың да белсенділігіне байланысты болу керек. Мұндай кеңес ақыл, тілек, нұсқау беру түрінде өткізіледі. Топтық кеңес беру ата-аналармен арналған жұмыстардың түрі. Олар бірнеше отбасында бірдей қиыншылықтар туындаса немесе бірдей кызығушылықтары болса жүргізіледі. Топтық кеңес берудің мынадай тақырыптарын алуға болады: "Балалар ойынына талаптар", "Баланың дамуынын көрсеткіштері", "Тіл дамыту негіздері". Жыл бойына жүргізілетін жоспарларды ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі заман талабына сай ата-аналар өзекті мәселелерді, әртүрлі тақырыптарды өздері ұсына алады.
Бүгінгі жас отбасылар - еліміздің ертеңгі - рухани кемелдену дәрежесіне жету үшін ұлттық тәрбиенің де алар орны ерекше. Қазақстан мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарап ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халкынын тарихын, діні мен мәдениетін, жеке тұлға тәрбиелеу - жалпы жұртшылык, әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың қазақ халқына арналған Жолдауында: "Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне деген сүйіспеншіліктерін дамытуға тиіспіз және оларды қалыптастыру басты міндеттеріміздің бірі" деген сөзін басшылыққа ала отырып, балабақшада ата-аналардың катысуымен "Менің Қазақстаным" атты ұлттық тәрбие жұмысын жүргіздім. Мұндай шаралар аналардың және баланың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастырады. Балалардың шығармаларын шындай түсу мақсатында "Біз бақытты отбасы" атты сайысын көрсету, қолөнер шеберліктерін, сауалнамалар, тестілеу тапсырмаларын орындау сияқты сайыс кезеңдерінен өте отыра өз бағаларын алды.
Отбасында өсіп келе жатқан ұл-қызға тәлім-тәрбие беру мақс
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>