леді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап - құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сипайлық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Отбасы - жақын туыстық қатынас. Қазақтың отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол - ата, әке, бала.
Ата - әжелер ауыл - аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый - құрметке бөленген. Олар жыр, дастан, ертегі айтып немере - шөбелеріне рухани байытып тәрбиелеп отырған.
Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушы, қамқоршысы. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметі.
Әйел, ана - отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі. Аналардың басты міндеті - отбасы беріктігін сақтау, бала тәрбиелеу, ерлерін барынша сыйлау, рухани қолдау көрсету болып табылады.
"Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер" дегендей ата-ана отбасында балаларына қандай тәрбие берсе, ертең сондай бала өседі, ата-анасына сондай абырой алып береді. Сол себептен қазақ халқы бала тәрбиесіне ерекше назар аударған.
Бала - әке-шешесінің перзенті, ұрпағы. Бала - ата-ананың көз нұры, көңіл қуанышы.
Баланың ата-ана алдындағы ұлы парызы - мейіріммен, жақсылықпен қартайған кезенде бағу, еңбектерін қайтару.
Дүниедегі мақсатының да, міндетінің де ең үлкені - ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.
Қазіргі заманда ата-әжелер немерелеріне ертегі, жыр айтып бермейді, ал әке-аналар бірыңғай тұрмыс жағдайға, ақша табуға көп назар аударады. Бала тәрбиесін балабақша, мектепке жүктеген. Мектепке дейін тәрбиесін міндеті баланы жан-жақты тәрбиелеу, дамыту бо
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>