лса да "Алты аға бірігіп - әке болмас, Жеті жеңге бірігіп - ана болмас" - дегендей ата-ананың орыны бөлек. Ол орынды ешкім баса алмайды. Балабақша баланың отбасында алған тәрбиесін толықтырады, бағыт беріп тұрады. Балабақша отбасымен бірлесіп болашақ ұрпақ тәрбиелейді.
ҚР Конституциясының 27 бабында былай деп жазылған: "Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы".
ІІ. Пікірталас. Осы тақырыпқа, баяндамаға байланысты ата-аналардың пікірін, ойларын тыңдау.
ІІІ. Сұрақ - жауап. Мына сұрақтарға қалай жауап бересіздер?
"Отбасы - алтын бесік" деген сөзді қалай түсінесіз?
ХХІ ғасырдың ата-аналары қандай?
Баланыздың тәрбиесіне ата-ененіз араласқанын қалайсыз ба?
Балабақшаға балаңызды не себептен алып келдіңіз?
"Тәрбие" деген, сіздің ойыңызша не?
Балабақшадан не күтесіз?
Сіз өзіңізді жақсы білесіз бе?
Сіз өзіңізді кім деп санайсыз (Наполеон, Президент, қожайын, құл, квартирант т. б. )?
Балаңызға көп назар аударасыз ба?
10. Балабақшаның қандай қажеттілігі бар? т. б. сұрақтар
IV. Ассоциация. Бала (балабақша, әке, ана) дегенде сіздерге қандай ой, елес бірден келеді? Мысалы:
Жарық Отбасының тірегі
Бесік Тәртіп
Күлкі Қамқоршы
Тәрбие Күн
Оқу Дос
Балалар Алақан жылуы
(бос орынды толтырыңыз, ойыңызды жазыңыз)
V. Венн диаграммасы. Отбасы мен балабақшаның жалпы ұқсастығын айту.
VI. Ойын - тренинг. "Балық, құс, аң"
VII. "Бала, бала, болашақ . . . ". Теледидардан балалардың сұрақтарға жауап бергенін көру, тыңдау.
Ата-аналардың пікірлерін тыңдау, сұрақтар арқылы бағыт беру.
Қазіргі балалар қандай?
Не себептен қыз бала пысықтау, батыл, ашық болып келеді? Ал ұл бала керісінше
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>