Отбасы, бала, балабақша

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Отбасы, бала, балабақша
(Дөңгелек үстел)
Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле өлгенше соны таныр қиядан.
Қазақ мақалы
Мақсаты: Ата-аналардың бала тәрбиесіне көзқарасын өзгерту, балабақшаға позитивтік қатынасының қалыптастыру. Педагогикалық және психологиялық салауаттылықты жетілдіру; қалыптасу мен дамыту мәселері бойынша тәжірибе алмасу, бір-бірімен сұхбаттасу.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер, суреттер, теледидар, DVD, қалам, қағаз, тақырыбы.
Әдіс-тәсілдер: әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын, ассоциация, Венн диаграмма, сауалнама.
Барысы:
Зал әсем безендірген. іші шар, тақырыбы және нақыл сөздер жазылған плакаттар мен мазмұнды суреттермен
І. Кіріспе. Тақырыпқа байланысты қысқаша әңгіме, баяндама.
Құрметті ата-аналар! Бүгін біздің "Қызғалдақ" тобында "Отбасы, бала, балабақша . . . " деген дөңгелек үстел өткізіліп жатыр. Біз бала, оның тәрбиесі, отбасы және балабақшаның бала тәрбиесіндегі орны туралы пікірлерімізді, өз ойымызды, көзқарасымызды ортаға салып сұхбатасамыз, бір-бірімізбен тәжірибе алмасамыз.
Балабақшаға келер алдында бала отбасында тәрбиеленеді. Отбасы деген не? Отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады.
Отбасы - шағын мемлекет әр мемлекеттің өзіне тән өндіріс, өнім, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс - шығыс бюджеті, тәртібі, заңы болады .
"Ел болам десең - бесігінді түзе" деген нақыл сөзді біздің ата-бабамыз мұра болып қалдырған. Бұл нақыл сөзді қалай түсінуге болады?
Қазақ отбасында өз баласың мейірімділікке, имандылыққа бауылып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға ке

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: