Отбасы айнасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Іскерлік ойын тақырыбы: "Отбасы айнасы"
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Түрі: іскерлік ойын
Жүру барысы:
І. "Анықтама бөлімі"
ІІ. Педагогикалық ситуатцияларды шешу
ІІІ. Ойын "жақсы және жаман"
ІҮ. "Жасырын хат, ойлан тап!"
Ү. Сауалнама
ҮІ. Іскерлік ойынды қортындылау.

І. "Анықтама бөлімі"
Мақсаты: Ата-аналдардың сұрағына педагогтардың кәсіби және биязы жауап беруін жетілдіру.
Құралдар: Анықтама бөлімі деп жазылған ширма және телефон, сұрақтар жазылған карточка.
Ойын барысы: Тәрбиешілер кезекпен "Кеңесші" ролін ойнайды. "Тәрбиешілер"
( қалған ата-аналар) сұрақтар жазылған карточкаларды еркін талдау арқылы "Кеңесшіден" сұрақтарға түсінік алады. Мысалы:
Неге менім балама тақпақ бермейсіз? Себебі не?
Баланы тақпақты мәнерлеп айтуға қалай үйретуге болады?
Менің балам мысық пен күшіктен қорқады. Не істеуім керек?
4 жастағы баланы өзбеттілікке қалай тәрбиелеуге болады?
Қызым дәрігерге көрінуге қорқады. Не істеуім керек?
Менің немерем ескертуді тыңдамайды. Сіз қандай кеңес бересіз?
Балам үнемі ойнайды, сабақты қарағысы келмейді. Ал, ол 4жасқа толды, мектепке даярлау керек. Қалай бағындыруға болады?
Кеңесшінің жауабына 1-2 минут уақыт беріледі. Егер "ата-ана" жауапқа келіспесе өз ойын айтуына болады.
ІІ. Педагогиқалық ситуацияларды шешу
1. Марат тарелкені сындырып алды. Балалар тәрбиешіге арызданды. Тәрбиешінің әсері.
2. Бала тәрбиешінің кітапты желімдейміз деген тапсыр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: