Основы трудового права

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

е еңбекті қорғау жағдайлары;
8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері;
9) қызметкердін құқықтары мен міндеттері;
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртібі;
11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тәртібі;
12) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс.
Жеке еңбек шарты жасалып, оған тараптар қол қойғаннан кейін жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығаруға міндетті. Бұйрық қызметкерге қол қойғызып хабардар етіледі.
Заңда көрсетілген тәртіп бойынша жұмыс беруші қызметкермен жеке еңбек шартын жасасу үшін мынадай құжаттарды талап етуге құқылы:
- қызметкердің еңбек кызметін растайтын құжаттар, яғни еңбек кітапшасы (болған жағдайда), немесе жеке еңбек шарты, не жұмыска кабылдау мен жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері;
- жеке бас куәлігі немесе төлқұжат;
- әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлік;
- зейнетақы шарты;
- білімі немесе кәсіби даярлығы туралы құжат (диплом, куәлік, т. б. )
- 16 жасқа толмаған адамдар үшін тууы туралы куәлік;
- заңдарда көзделген өзге де құжаттар.
Кейбір реттерде жұмысқа түсушілерден міндетті түрде медициналық тексеруден өту талап етіледі. Олар: 18 жаска толмаған қызметкерлер; еңбек жағдайы өте ауыр және өте зиянды жұмысқа қабылданатын қызметкерлер, тамақ өнеркәсібі мекемелерінін кызметкерлері.
Заң анықтамалары мен ұғымдарының нақты тұжырымдары бар презентацияның слайдтарын көрсете отырып, ақпаратты тыңдаймыз.
2 студентке сөз беріледі. (баяндама)
Жеке еңбек шарты тараптардың еркіне байланысты емес мынадай мән-жайлар бойынша токтатылуға тиіс:
1) қызметкерді әскери қызметке шақырған кезде кұжатын көрсеткенде үш күн мерзімде;
2) қызметкер жазаға тартылған сот үкімі занды күшіне енген жағдайда бұрынғы жұмысты жа

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: