/>
1. Заңдарға сәйкес ұйым таратылған кезде, сондай-ақ жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған жағдайда жеке еңбек шарты тоқтатылады.
2. Жеке еңбек шартының қызметкерлер санының немесе кестесінің қыскаруы салдарынан бұзылуы жұмыс көлемінің нақты қысқаруы сияқты жұмыс көлемін өзгеріссіз қалдыруға; немесе тіптен көбейгенімен қызметкерлер санын қысқартуға; мүмкіндік беретін түрлі техникалық және ұйымдастыру шаралары жүргізілген кезде де болуы мүмкін.
3. Қызметкердің лауазымына немесе атқаратын жұмысына сәйкес келмеуіне байланысты жеке еңбек шатын бұзу.
4. Егер қызметкер еңбекке уакытша жарамсыздығы салдарынан жұмысқа екі айдан астам уақыт келмесе жеке шарт бұзылуы мүмкін.
5. Қызметкер ұйыммен бірге басқа жерге жұмыска ауысудан бас тартса шарттың бұзылады.
6. Жұмыс беруші еңбек жарақатын алған немесе кәсіби аурумен ауырған қызметкерді еңбек кабілеттілігі калпына келгенше немесе мүгедектігі аныкталғанша бұрынғы жұмысындағы жалақысы мен жаңа жұмысындағы жалақысының айырмасын төлеп неғұрлым женіл жұмысқа ауыстыруға міндетті. Ал неғұрлым женіл жұмыска ауыстырудан бас тартқан қызметкермен жеке еңбек шарты токтатылады.
7. Еңбек жағдайлары өзгеріп, кызметкер жаңа жағдайларда жұмысты жалғастыруға келіспесе жұмыс берушінің бастамасымен шартты бұзуға жол беріледі.
8. Қызметкердің дәлелді себептерсіз өзінің еңбек міндеттерін екінші кайталап орындамауы, егер ол бұған дейін әкімшілік жаза алған болса, шартты бұзуға негіз болып табылады.
9. Бір рет тәртіп бұзушылық үшін, оның ауырлығына қарамастан ҚР ЕЗ 26-бабының 9-тармағында көзделген жағдайларда шартты бұзуға жол беріледі. Қызметкердің еңбек міндеттерін бір рет өрескел бұзуына мыналар жатады:
- бір жүмыс кұнінде дәлелді себептерсіз жүмыста үш сағат бойы болмау. Бір жұмыс күні
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>