Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон,саламандра)және құйрықсыз (көлбақа,құрбақа,шұбар бақа) қосмекенділер

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

ақа, кәдімгі құрбақа және даната құрбақасы Қазақстанда мекендейді. Жасыл құрбақа кеңінен таралған. Құрбақалардың түсі қоңырқай, тері бұдырлары айқын байқалады. Олар құрғақ далалы ,кейде шөлейтті жерлерде де кездеседі. Көбіне ертеңгілік, кешкілік уақыттарда, түнде белсенді тіршілік етеді. Зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына көп пайда келтіреді. Даната құрбақасы Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген. Ол Зайсан, Балқаш, Алакөл өңірінде кең таралған, бірақ саны барлық жерде аз.
Бақалар тұқымдасының өкілдері дүние жүзінде кеңінен таралған. Қазақстанда бұл тұқымдастың бес түрі мекендейді. Олар : көл бақа, сүйріктұмсық бақа, шөп бақа, сібірлік бақатіс, қызылаяқ бақа.
Қызылаяқ бақа Балқаш көлінің маңында Шу өзенінің аймағында ғана таралған. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Олар қорғауды қажет етеді.
3-топ. Аяқсыз қосмекенділер
Аяқсыз қосмекенділердің (сақиналы құртжылан) 170 - тей түрі ,Африкада,Америкада, Үндістанда,Цейлон жерінде тіршілік етеді. Солардың бірі сыртқы бейнесі құртқа және жыланға ұқсас болғандықтан, сақиналы құртпошым деп аталады. Олар жер астында ін қазып тіршілік етуге бейімделген қосмекенділердің қарапайым тобы. Терісінде бездері өте мол. Аяқсыз қосмекенділерде көз де, дабыл жарғағы да болмайды. Бұлардың басқа қосмекенділерден айырмашылығы - іштей ұрықтанады. Кейбір аяқсыз қосмекенділер жұмыртқасын жыланша денесімен орап, қорғайды. Суда тіршілік ететіндер тірілей туады. Жер астында тіршілік етуіне жəне жерді қазуына байланысты, дене құрылысы өзгерген құрттар тəрізді кішкентай топ жануарлар. Көпшілік түрлерінің денесі жауын құрттарына (сақиналы) ұқсайды. Аяқтары жоқ, терісінде тері бездері көп болады. Құртша (червяк) деп аталатын бір ғана тұқымдасы бар. Ол Оңтүстік Америкада таралған, ұзындығы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: