Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон,саламандра)және құйрықсыз (көлбақа,құрбақа,шұбар бақа) қосмекенділер

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ысына ,тіршілік әрекеттеріне байланысты 3 отрядқа бөлінеді. Олар: аяқсыз, құйрықты, құйрықсыз қосмекенділер.
1-топ. Құйрықты қосмекенділер
Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің 400 дей түрі бар. Оған тритондар мен саламандралар жатады. Дене пішіні созылыңқы әрі құйрығы айқын байқалады. Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің бірі- жетісулық бақатіс. Оны жергілікті тұрғындар "аяқты балық " деп те атайды. Қазақстанда Балықты,Ойсаз, Көктал, Қарасу, Қараарық, Арасан, т. б өзендерінен табылған. Жетісу аяқтыбалығы ағыны қатты тау өзендерінде тіршілік етеді. Дене тұрқы 20-25см. Басы жалпақ, тұмсығы доғал, дене ұзындығының жартысы құйрығының үлесіне тиеді. Құйрығының үстінде жал сияқты тері қатпары және бүйірінде 10-13 көлденең жолағы бар. Тістері, бақа сияқты үстіңгі жақ сүйегінде ғана болады. Алдыңғы аяғы 4, артқы аяғы 5 бармақты. Қорегін кешке қарай немесе түнде іздеуге шығады. Жауын құрты, барылдауық қоңыз, қос қанаттылар және бүйіпімен жүзушілермен қоректенеді. 18-85 дейін уылдырық шашады,одан жиырма жиырма бес күнде пайда болған дернәсілдері су түбінде қыстап шығып,келесі жылы ересек түріне айналады. Қазақстанда мекендейтін жетісулық бақатіс өте сирек кездеседі. Ол Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен оған шекаралас Қытайлық биік таулы өзендерінде кездеседі. Жетісулық бақатіс шағын аймақта таралғандықтан Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
2 - топ. Құйрықсыз қосмекенділер
Құйрықсыз қосмекенділер отряды. Бұлардың 4000 дай түрі белгілі. Олардың ересектерінде құйрық болмайды. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын, әрі жақсы дамыған. Секеңдеп қозғалады. Артқы саусақтарының арасындағы терілі жарғақтар жүзуге көмектеседі. Өзімізге таныс көл бақа, тоған бақасы,құрбақалар осы отрядқа жатады.
Құрбақалар тұқымдасынан жасыл құрб

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: