Қош, сүйікті әліппе!

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

br/>Хормен : Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Мұғалім: Олай болса өзіміз алғаш рет қолымызға ұстаған әліппені ортаға шақырйық.
Әліппе : Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар ата-аналар!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажайыптың
Әліпбиін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Хор : Әліппе.
Мұғалім: Ал, балалар, әліппе жайлы не білесіңдер? Кәне, ортаға салайық.
2- оқушы : Тарихқа жүгінсек, қазақ даласында қазақ баласына мектеп ашып, оқулық
жазған Ыбырай Алтынсарин атамыз өзінің арманына 1864 жылы жетіп,
ең бірінші 14 баланың басын біріктіріп, мектеп ашқан екен.


3- оқушы : Жырын бастап жазамыз,
Жалықпастан қыс-жазы.
Ұлы Ыбырай атамыз,
Ұстаздардың ұстазы.
4- оқушы : -Ұран тастап көп елге,
Кел, балалар оқылық!
Деген сөзін көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Би: Вальс
Мұғалім : Ал, енді балалар әліппе жайлы қандай тақпақ білесіңдер?
5- оқушы : Бар кітапқа бас болған,
Әләппе ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
6-оқушы : Әліппем менің - әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
7- оқушы : Ең алғаш алғанымда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
8- оқушы : Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес алыс жол,
Тырысып бақ намысқа.
9- оқушы : Жақсы кітап әліппе,
Үйретеді әріпті.
Қуыршақпен қоштастым,
Әліппемен достастым.
10-оқушы : Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған,
Рахмет, ұстаз алғашқы.
Хор : Мұғалім ол біздің.
11-оқушы : Бүкіл қазақ баласы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: