Қош келдің –Наурыз

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4

л болсын деп ала жіпті есіп жасаған.
Қаз-қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
"Тұсау кесу" рәсімі өткізіледі.
Тәрбиеші:
Ұлы күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда ол олжалы жыл болар - дейді халқымыз.
Бата алу рәсімі.
Тәрбиеші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Босқа қарап тұрмаңыздар. Наурыз тойы басталды Көргендер де армандар, Көрмегендер де армандар, Қызықтан тыс қалмаңдар!
Келесі кезекті тағы да ұлттық ойынға береміз.
Бүгінгі кішкентай бүлдіршін, ертеңгі ел қорғар мықты азаматы болуы үшін оларға білек күшін шынықтырудың маңызы өте зор. Сондықтан келесі кезекті "Күш сынасу" ойынына береміз.





Тәрбиеші:
Наурыз тойым, наурыз тойым
Құтты болсын халайық
Қане достар, қане достар
Шырқап әнге салайық.
Ән: Құтты болсын Наурыз!
Би: "Қазақтың жігіттері"
Ұлттық ойын: "Қыз қуу"
Тәрбиеші:
Ей балалар, балалар!
Енді маған қараңдар!
Наурыз тойын тойлайық,
Қызық ойын ойнайық! - деп мерекеде түрлі ұлттық ойындар ойналады екен, біз де қарап қалмадық. "Ханталапай" ойынын ойнауға балаларды ортаға шақырайық.
Ойын: "Ханталапай"


Тәрбиеші:
Жасай берсін жаңа күн.
Туа берсін жаңа жыр!
Дүр сілкінтсін дала бір.
Құтты болсын жаңа жыл!
Құтты болсын Наурыз той! - дей, отырып, осымен мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
- Шашу! Шашу!
Көп шашайық шашуды,
Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір!






Страницы: <<  <  2 | 3 | 4
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: