Қош келдің –Наурыз

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

атамыздың Ақ батасын
Қыдыр ата.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!

Наурыз қыз:
Ашық болсын күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай - тұлғалы өмірде айтылады жырымыз.
Жайнатамын гүл - гүлді
Сайратамын бұлбұлды
Мерейлі жұрт тойласын
Мейрам етіп Наурызды!
Би: "Көктемгі гүлдер"
Тәрбиеші:
Жиналдық Наурыз тойға бәрімізде
Үлкен - кіші жасымыз кәріміз де
Әрбір ұлттың жиналған өкілдері
Өнерлерін көрсетуге келді міне
Енді ортаны баршыңызға ашайық
Көрермендерге жырдан шашу шашайық
Ән мен күйді, жыр мен биді шалқытып
Өнерменен інжу - маржан шашуға ортаға айтыскерлеріміз келіп отыр екен, ортаға шақырайық.
Қанағат пен Дабыл айтысы
Дабыл: Дабыл ұлың мен болам.
Әке шешем мақтаған,
Жарыс десе жайнаймын
Намысымды қорғаймын.
Қанағат: Өнердің ашып есігін
Шешендік сөзбен көсілдім
Таныстырсам өзімді
Қанағат менің есімім
Дабыл: Ал Қанағат сұлу қыз
Қандай күшті бұрымың
Қасыңдағы қыздардың
Ішіндегі сұлу қыз
Қанағат: Мені мақтап не істейсің
Білем өзім сұлумын
Дайынсың ба мектепке
Соны айтып білдіргің.
Дабыл: Білім, ғылым өнерге
Қанат қағар кезім ғой
Ата - салтын ертеңге
Жеткізетін өзім - ғой
Қанағат: Ой жігітім арманшыл
Орындалсың арманың
Жұмыртқаны қақ жарып
Пілге ұқсап жатырсың.
Дабыл: Көріп тұрсың сұлуым
Жігіт деген атым бар
Болашақта халқыма
Президент болу арманым
Қанағат

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: