: Әнде айта аламын
Биде билей аламын
Өзім бала болсамда
Таудай үлкен талабым.
Бірге: Еркем , еркем еркем- ай
Еркелеген ертең - ай
Бүгін болған мереке
Болсын тағы ертең ай.
Тәрбиеші:
Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Әлия:
Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!
Кәусар:
Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық.
Наурыз тойын бәріміз,
Биыл бірге қарсы алайық.
Ұлбосын, Дәметкен.
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Мүсілім, Саяжан.
Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
Тәрбиеші:
Наурыз тойым, наурыз тойым
Құтты болсын халайық
Қане достар, қане достар
Шырқап әнге салайық.
Ән: "Қош келдің наурыз"
Тәрбиеші:
Ей балалар, балалар,
Енді маған қараңдар.
Наурызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.
Қазақтың ұлттық ойыны: "Арқан тарту. "
Тәрбиеші:
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда,
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға.
Балалар, қазақ халқының әртүрлі дәстүрлері бар, бұл халықтың мерекенің үлкен мәні бар. Біз бүгін сол дәстүрлердің бірі "тұсау кесу" дәстүрімен танысмыз. Тұсау кесу рәсімі сәбиді қаз тұрғаннан кейін, жылдам жүріп кетсін деген тілекпен жасалған ырым. Тұсауды көбіне тез, шапшаң жүретін үлкен кісіге кестіреді. Ол үшін алдын ала жіп дайындайды. Тұсау кесудің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары бар. Олар:
-Көбейіп, көгере берсін деп шөптен есіп жасаған.
-Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді.
-Ада
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>