Қош бол, бастауышым- балбұлағым.
Мақсаты:Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен өмірге дайындайтын білім ордасы - мектеп. Қызығы мен шыжығы мол күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен сусындатып, алғаш қолға қалам ұстатып, үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады.
Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға тән әннің әуені).
Мұғалім:
Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан сарқыраған.
Қоштасатын күн келді бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.
Кеше ғана алдыма келген еді,
Именіп ұлы ұяға енген еді.
4 жыл бойы сусындап біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді кезі.
Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 сыныбының "Қош бол,балбұлағым- бастауышым" атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.
1жүргізуші:
Бұл салтанат қуаныш баршамызға,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4 сынып оқушыларын ортамызға
2жүргізуші:
Журналдың да басында
Сапта тағы басында
Аудандық олимпиада жүлдегері
Ақылды да,байсалды
Әсет келсін қасыма.
3жүргізуші:
Ат үстінде шапқанда
Бәйге алмай қайтпайтын
Айбын ұл - батырым
Ақылы көп асылым.
1жүргізуші:
Өзі сондай кішіпейіл жарқын-ақ
Қалыспайды білім алудан қарқын ап.
Достарымен әр кез тату жүреді
Тұлымшағы желбіреген Аяулым.
2жүргізуші:
Сабырлы, әрі салмақты
Бар ынтасын,жігерін
Сабағына арнапты.
Есептеуден әрқашан
Санжар жігіт қалмапты
Мұғалім сөзі:
Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Бүгін міне сіздер менің шәкірттерім 4 сын
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>