ып оқушыларының бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар!. Төрт жыл бойы білімге жол ашқан менің шәкірттерім өздерінің бастауыш сыныбымен қоштасып, жоғары сынып табалдырығын аттағалы отыр. Қадамдарыңыз сәтті, қуаныштарыңыз құтты болсын! Қанаттарыңыз талмай өмірдің осындай белестерінен биік шыңдарына самғай беріңіздер ! Менің және бастауыш сыныпта сабақ берген ұстаздарыңыздың және ата-аналарыңыздың үмітін ақтай біліңіздер дегім келеді. Сонымен қатар қазір сіздердің назарларыңызға түрлі аудандық, мектепішілік,облыстық олимпиадаларға қатысып өздерінің білімімен көзге түсіп, жүлделі орындарға ие болып жүрген шәкірттерімнің жетістіктерін ұсынбақшымын. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын дегендей осындай балаларды тәрбиелеп өсірген сіздерге де көп рахмет. Балаларыңыздың осындай қуаныштарына тоймай жүре беріңіздер! Ендігі сөзді оқушыларыма берейін.
1жүргізуші:
Бүгінгі біздің ертеңгілігіміз 2 бөлімнен тұрады:
1бөлім: Жүрек жарды арнау тілектеріміз аяулы мектебімізге , ардақты ұстаздарға, қадірлі ата - анамызға , ой санамызды дамытқан оқулықтаға арналады.
2бөлім. "Біз өнерлі баламыз " атпен сіздерге өз өнерлерімізді ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Ұстазымды алғашқы жан анамдай көремін,
Бойында барды аямай сарқып бізге беретін.
Балапанын қорғаштаған қызғыштай
Білім нәрін санамызға егетін.
3-жүргізуші:
Жылы жүзің күн көзіндей арайлы
Кеңесіңмен жолға салдың талайды.
Ұстаз сізге бас иеміз бәріміз,
Біздер үшін ағарттыңыз самайды.
1-жүргізуші:
-Құрметті алғашқы да аяулы, ардақты да қымбатты ұстазымыз Тоғжан апай сіз 4 жыл бойы4сынып оқушыларына тынбай білім мен тәрбие бердіңіз. Сізге айтар алғысымыз шексіз! Сіз енді біздің бүгінгі кешіміздің басты қонағы болыңыз! Бүгінгі "Бастауышым-балбұлағым&
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>