Қош бол, бастауышым - балбұлағым

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

quot; атты мерекелік кеш өзіңізге және бастауыш сыныпта сабақ берген ұстаздарымызға , мектеп ұсаздарымен ата-аналарымызға арналады.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар.
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерін,
Бар қауым тамсана таңдай қағар.
3жүргізуші:
Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.
Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.
1-оқушыАйбын:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2 оқушыАяулым:
Армысыздар, аталар мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Фарабидей бабалар.
3-оқушы Санжар:
Алтын ұя мектебім мақтанышым
Сенен асқан құтты қадам таппадым.
Сен арқылы білім деген атаудың,
Қасиетті босағасын аттадым.
4-оқушы Әсет:
Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. ( Қоңырау үні )
1жүргізуші:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.
"Мұғалім - мектептің жүрегі" - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
1-оқушы: Аяулым
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа апарғаны.
2оқушы:Әсет
Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытқан, өркенімді өсіріп,
Жалындаты

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: