Енді балалар алақандарыңа тілектеріңді айтып, маған қарай үрлеңдер. Сол кезде мен сендердің тілектеріңді орындаймын. 
Сиқыршы қоштасып ұшып кетеді. 
Альфия:
Қандай ғажап күн бүгін,
Күміс-күлкі, жан-жағың. 
Күлімдеген бар бала 
Жігіттер биін билейді. 
Би: Жігіттер 
Жанель:
Балабақшам бесігім, 
Қайсысын айтып бітейін 
Қабыл алшы әнімді, 
Саған сыйлап кетейін!
Ән: Домбыра Жанель
Жанель: 
- Ендігі кезекті жігіттердің орындауында "Қош бол, балабақша" әнін қабыл алыңыздар. 
Ән: Қош бол, балабақша Орындайтындар: Ерасыл, Абылай, Азамат. 
Құшағыңда жарқылдап,
Өтті сәби күндерім. 
Би биледім ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім. 
Гүлге толы жан-жағым,
Асыр салып жүгірдім. 
Өсті талап-талғамым,
Көп нәрсені ұғамын. 
Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді. 
Мектепке барам мен енді,
Балабақшам қош енді. 
Қуаныш:
Мың бұралып билеген,
Қыздарды кім сүймеген. 
Тойымызға сән беріп,
Билейді қыздар гүл болып. 
Би: Гүлдер. 
Қуаныш:
Сыңғырлаған үнімен
Тұла бойды билеген. 
Құлағыңнан әні кетпеген,
Қарсы алыңыздар қыздарды
Әдемі өлең шумақтарымен
Аяна, Алима, Арайлымның Орындауында "Мектепке мен барамын" әнін қабыл алыңыздар. 
Ән: Мен мектепке барамын Орындайтындар: Алима, Аяна, Арайлым. 
Балабақшам сенімен
Достасып ап жүріп ем
Енді уақыт басқаша
Білім қажет бәрінен
Қайырмасы:
Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер, қаламым
Таңқалдырып достарды
Мен мектепке барамын
Қуанышым менің мол
Мектебіме тарттым жол
Ұмытпаймын өзіңді
Балабақшам қош сау бол!
Әділжан:
Балабакшам-бесік тұлға байсалды 
Құшақ жайып өзің мені қарсы алдың 
Қуанышты, жарқын тілек білдіріп <
		Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>
