br/>Құттықтаймыз, тәрбиеші, баршаңды! 
Нұрай:
Күннен-күнге өсіп біздер келеміз 
Үлкен болып қиындықты женеміз 
Сіздің де біздер үшін сіңірген 
Еңбегіңізге, өзіңізге басымызды иеміз 
Айлин:
Талай-талай баспалдықты аттармыз 
Ата-ананын үмітін де ақтармыз 
Тәрбиеші апайлар, сізден алған ақылды 
Есімізде өмір бойы сақтаймыз 
Балалар:
Адам етіп баптаған 
Ардақтап бізді мақтаған 
Тәрбиешілер, сіздерге 
Таза сәби жүректен 
Мың алғыс !!! 
Мейрамбек:
- Балалар, ойын ойнағыларың келе ме? Ендеше, "Ия, ия, жоқ, жоқ" деген ойын ойнаймыз. Мен сендерге сұрақ қоямын, ал сендер "ия, ия" немесе "жоқ, жоқ" деп жауап бересіңдер. 
Ойын: Ия,ия, жоқ, жоқ. 
- Мектепке біз барамыз ба?
- Кілең бестік аламыз ба?
- Айтқан тілді аламыз ба?
- Нан жеймін деп жылаймыз ба?
- Ақылды бала боламыз ба?
- Таңертең ерте тұрамыз ба?
- Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
- Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
- Екі алғанда жылаймыз ба?
- Оқушы біз боламыз ба?
Альфия: Зарина мен Айлиннің орындауында "Біз мектепке барамыз" әнін қабыл алыңыздар. 
Ән: Біз мектепке барамыз. 
Білімсіз жан бишара
Білмегенге не шара
Дейді үлкендер балақай
Нешедесің кел сана
Қайырмасы:
Әжеміз бен бабамыз
Әкеміз бен анамыз
Бәрі мектеп түлегі
Біз де оқуға барамыз
Келешекпен дос болып
Жалқаулықпен өш болып
Өскен ой-санамыз
Біз мектепке барамыз
Альфия:
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге нұрлы ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
Ән: Ақ тілек Альфия
Балалар орындарына тұрады. 
Аяна:
Бақшамыздың тірегі 
Ұлы-қызы сүйеді 
Қарсы алады келгенде 
Жылы жүзбен күледі. 
Меңгеруші бақшамы
		Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>
