Қош бол, Балдырған!

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қош бол балдырған!
Мерекеге сай әсем безендірілген залға екі бала кіріп, қоңырау соғады.
Жанель:
Сыңғыр, сыңғыр қоңырау
Қоңыраудың шақырған
Тәтті әуені ән думан
Білім алған бақшадан
Біз көңілді балдырған
Қуаныш:
Шақырады мектепке
Білім алған бақшадан
Біз көңілді балдырған
Шақырады мектепке
Сыңғырлаған қоңырау!
Тәрбиеші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңмен қоштасатын күн туды
Бізден ұшып талмай қанат қағындар
Жүректерден арман отын жағындар
Жақсы оқып алтын ұя мектепте
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін
Өздеріңді сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!
Ортамызға "Сандуғаш" балабақшасының түлектерін шақырамыз! Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Қол ұстасқан балалар залға кіреді.
Алима:
Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше,
Бақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Ерасыл:
Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық та болмас арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз.
Алинур:
Балабақша қош енді,
Әркез аман бол деймін.
Әкем менен шешемді,
Ертіп енді келмеймін.
Арайлым:
Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл санамыз.
Адамдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамыз.
Аида:
Балабақшам сүйікті,
Ән салдыртты, билетті,
Шынықтырып денеңді
Шымыр болуға үйретті.
Альфия:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Біріншіге барамыз.
Қыз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: