"Берекелі, мерекелі алтын күз!"
Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып, бүгінгі біздің сәбилер тобының "Берекелі, мерекелі алтын күз!" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам
Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық!
(Музыка әуенімен балалар залға кіреді) (әуен табиғат құбылыстары).
Сауысқан: Қолымыздан ұстап орманға барайық балалар.
Нақыл сөздер:
Мен табиғатты сүйемін
Табиғатсыз өмір жоқ
Суды ластамаймыз
Орманға от жақпа
Ағашты сындырма
Құстарды қорғаймыз
Гүлді жақсы көреміз
Таза ауамен тыныс аламыз
Серуенге коп шығамыз.
Сауысқан: -Балалар қазір қандай мезгіл? (Күз)
-Күз мезгілінде күн суытады, жапырақтар сарғаяды, жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Балалар жаңбыр қалай жауады?
-Найзағай қалай соғады?
-Жел қалай уілдейді? (балалар қимылмен көрсетеді)
-Ал, енді балалар орнымызға отырайық, көзімізді жұмайық, қонағымызды шақырайық. (Балалар күзді шақырады)
Күз: (әунмен, қолында көкөністермен жемістерге толған себет ұстап кіреді).
-Сәлеметсіздерме, балалар!
-Сәлеметсіздерме, қонақтар!
-Мен алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма! Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы, ойын-ойнар түр-түрлі.
Сауысқан: Рахмет саған Алтын күз!
Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз, жайғасыңыз. Біздің қонағымыз болыңыз.
Күз: Мен сендерге құр келген жоқпын, өзімен бірге әр-түрлі жапырақтар ала келдім. Қане, бә
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>