Осенний балл - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 209
  • Скачиваний: 1

«Берекелі, мерекелі алтын күз!»

Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар, асыға күткен күз мерекесі де келіп жетті, баршаңызды алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Құттықтай отырып, бүгінгі біздің сәбилер тобының «Берекелі, мерекелі алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Төңірек толы сары алтын
Күз келді туған жеріме
Шуағы нұрлы жайнаған
Алтын күз әсем айналам

Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған
Ертеңгілігімізді бастайық!

(Музыка әуенімен балалар залға кіреді) (әуен табиғат құбылыстары).

Сауысқан: Қолымыздан ұстап орманға барайық балалар.
Нақыл сөздер:
Мен табиғатты сүйемін
Табиғатсыз өмір жоқ
Суды ластамаймыз
Орманға от жақпа
Ағашты сындырма
Құстарды қорғаймыз
Гүлді жақсы көреміз
Таза ауамен тыныс аламыз
Серуенге коп шығамыз.

Сауысқан: -Балалар қазір қандай мезгіл? (Күз)
-Күз мезгілінде күн суытады, жапырақтар сарғаяды, жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Балалар жаңбыр қалай жауады?
-Найзағай қалай соғады?
-Жел қалай уілдейді? (балалар қимылмен көрсетеді)
-Ал, енді балалар орнымызға отырайық, көзімізді жұмайық, қонағымызды шақырайық. (Балалар күзді шақырады)

Күз: (әунмен, қолында көкөністермен жемістерге толған себет ұстап кіреді).
-Сәлеметсіздерме, балалар!
-Сәлеметсіздерме, қонақтар!
-Мен алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма! Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы, ойын-ойнар түр-түрлі.
Сауысқан: Рахмет саған Алтын күз!
Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз, жайғасыңыз. Біздің қонағымыз болыңыз.
Күз: Мен сендерге құр келген жоқпын, өзімен бірге әр-түрлі жапырақтар ала келдім. Қане, бәріміз ойын ойнайық. «Жапырақтар жинау» ойыны ойналады.
-Жарайсыңдар балалар! Ал, сендердің қандай өнерлерін бар? Қане тамашалайық.
Ислам: Сарғайды тоғай
Айнала сап-сары манай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтіп.
Сауысқан: Жарайсыңдар балалар! Ал енді біз сендерге ән шырқап береміз сендер отырып тыңдаңдар.
Ән: «Құстар қайтып барады» (Тәрбиешілер)
Түлкі: Мен, қу түлкімін менде сендерге құр келген жоқпын менімен ойнайсыңдар ма?
Балалар: Ия.
Түлкі: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін, мақтанбақшы сендерге, көкөністер сан түрлі.
«Жемістерді тез жина» ойыны
Жарайсыңдар балалар!
Күз: Ал, енді балалар кішкене бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті: «Ұзын құлақ сұр қоян»
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпандап
Көжегі екен өзінің
(Балалар қимылмен қайталап жасайды)

Мариям апай: Ал, енді балалар ортаға шығып би билейік.
(Балалар Мариям апайдың соңынан қайталап, қимылдар жасайды)
Күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қандай ақылды балаларсыңдар!
Мариям апай: Алтын күз, біздің балаларымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Солай ғой, балалар?! Ендеше бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
(Ортаға қағаздан, газеттен тігілген киімдер киген балалар шығып киім үлгілерін көрсетеді).
Күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!
Сауысқан: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка әунімен күз шығып кетеді).
Түлкі: Алтын күздің сыйы жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты.Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға «Сау болыңыздар» дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет айтамыз. Ертеңгілігіміз аяқталды, сау болыңыздар!

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: