ріміз ойын ойнайық. "Жапырақтар жинау" ойыны ойналады.
-Жарайсыңдар балалар! Ал, сендердің қандай өнерлерін бар? Қане тамашалайық.
Ислам: Сарғайды тоғай
Айнала сап-сары манай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтіп.
Сауысқан: Жарайсыңдар балалар! Ал енді біз сендерге ән шырқап береміз сендер отырып тыңдаңдар.
Ән: "Құстар қайтып барады" (Тәрбиешілер)
Түлкі: Мен, қу түлкімін менде сендерге құр келген жоқпын менімен ойнайсыңдар ма?
Балалар: Ия.
Түлкі: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін, мақтанбақшы сендерге, көкөністер сан түрлі.
"Жемістерді тез жина" ойыны
Жарайсыңдар балалар!
Күз: Ал, енді балалар кішкене бой сергітіп алайық.
Сергіту сәті: "Ұзын құлақ сұр қоян"
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпандап
Көжегі екен өзінің
(Балалар қимылмен қайталап жасайды)
Мариям апай: Ал, енді балалар ортаға шығып би билейік.
(Балалар Мариям апайдың соңынан қайталап, қимылдар жасайды)
Күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Қандай ақылды балаларсыңдар!
Мариям апай: Алтын күз, біздің балаларымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Солай ғой, балалар?! Ендеше бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
(Ортаға қағаздан, газеттен тігілген киімдер киген балалар шығып киім үлгілерін көрсетеді).
Күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!
Сауысқан: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка әунімен күз шығы
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>