>жыртқыштық деп аталады. Сонымен бірге жыртқыштар – « табиғат санитарлары», олар алдымен жануарлардың ауру, әлсіздерін жейді. Осылайша өз жемтіктерінің арасында аурудың таралуына жол бермей, тек дені сау әрі мықтыларының тіршілік етуіне мүмкіндік туғызады . .
Соңғы кезде адам қызметінің тірі организмдерге әсері күрт жоғарлап кетті. Бұған адамның әр түрлі жануарларды аулап тікелей әсер етуі жатады. Немесе жанама түрде,ағаштарды кесу,далалық жерлерді жырту, батпақты кептіру және тағы басқа шаралар сол жерде тіршілік еткен жануарлар жағдайының өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделе алмай тіршілігін жоюы жатады. Қоршаған ортаның ағынды сулармен, улы химкаттармен, өндіріс қалдықтарымен ластануы тірі атаулының барлығына үлкен зиян келтіреді. Мұндай жағдайлар көбінесе өсімдіктермен мен жануарлардың өлуіне, ақырында бұлардың көп түрлілігінің азаюына алып келеді.
IV. Жаңа білімді бекіту
1) Топпен жұмыс .
– топ «Тірі табиғат» Қай тұжырым дұрыс ?
– топ «Өлі табиғат» Жануарлар мен табиғат арасындағы байланысты
ашу. « Суреттер сөйлейді »
– топ «Экология» тақырыбына суреттер салу.
2) Сәйкестендіру тест.
V. Жаңа білімді қорыту.
«Не түсіндім , не білдім?» ойыны . ( сұрақ – жауап)
«Сиқырлы таяқша» ойыны.
VI. Үй тапсырмасын беру.
Өзіндік ізденіс жұмыстарын жасау,экология тақырыбына хабарлама жазу.
Страницы: << < 2 | 3 | 4