шілігі көбірек тәуелді болады. Салқын түсісімен бауырымен жорғалалаушылар мен қосмекенділер аз қозғалады,ал қыста ұйқыға кетеді. Көктемде, күн жылына бастаған кезде кесіртке, жыландар күнге шығып, жылынғанды ұнатады.
Құстар мен сүтқоректілер — жылы қанды жануарлар, олардың дене температурасы тұрақты, сондықтан да сыртқы орта температурасының өзгеруіне шыдамды келеді. Солтүстік ендіктерінде қыстауға қалатын құстарды аяздан дененің мамықты жабыны, сүтқоректілерді қалың жүн мен тері астындағы май қабаты қорғайды. Қыста қорегін тауып жей алмайтын аңдар, мысалы; аю, борша тышқандар қысқы ұйқыға кетеді, ал құстар жылы, қорек көп жаққа ұшып кетеді. Тірі организмдер бір – біріне де белсенді түрде әсер етеді. Барлық жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялардың көпшілігі жасыл өсімдіктер түзетін органикалық заттармен қоректенетіндіктері белгілі. Алайда өсімдіктер де жануарсыз тіршілік ете алмайды. Мысала; тоңазытқыш бунақденелілер болмаса,көптеген гүлді өсімдіктерде тұқым түзілмеген болар еді. Құстар мен бунақденелілерсіз өсімдіктер тұқымдарының таралуы үлкен проблемаға айналар еді. Ал саңырауқұлақтарсыз ормандарымыздың үлкен ағаштары – қайың, емен, шырша, қарағай сондай ұзын әрі мықты болып өспейтін еді. Өйткені, саңырауқұлақтардың күшті жіпшесі арқылы ағаштар өздерін қосымша ылғал мен минералды заттармен қамтамасыз етіп отырады.
Жануарлар арасында да көп түрлі байланыстар орнауы мүмкін. Бұлар пайдалы болуы мүмкін, мысалы, құмырсқа мен біте; бітелердің тәтті шырынымен қоректеніп, құмырсқалар бұларды қорғайды және таратады, ағаштардың биіктегі жас өркендеріне апарады , көп құмырсқалар бітелерді өздерінің илеулеріне өсіреді.
Егер жануарлардың бір түрі екіншілерін ұстап, жансыздандырып жейтін болса (түлкі – тышқанды, қасқыр – қоянды), онда мұндай қарым – қатынас
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>