Организация движения на железнодорожном транспорте

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18























5. Жергілікті жұмыстарды ұйымдастыру

Станцияда жүк операцияларын атқаратын вагондарды жергілікті вагондар деп атайды. Жергілікті вагондарды мынадай топтарға бөледі:
бос вагондар - жүк тиеуге келген және жүк тиеліп жөнелтілетін вагондар;
тиеулі вагондар - жүк түсіруге келген және бос күйінде жөнелтілетін вагондар;
тиеулі вагондар - жүгін түсірген соң сол станцияда жүк тиеліп жөнелтілген вагондар.
Алғашқы екі жағдайда бір операциялы - жүкті тиеу немесе түсіру операция - сын, соңғы жағдайда - қос операциялы - жүкті түсіру және тиеу операциялары атқарылады. Соңғы жағдайда вагондар бос жүрмейтіндіктен, қос операциялы тиімді болып есептеледі.
Телімдік және сұрыптау станцияларында құрамдарды сұрыптау барысында жергілікті вагондарды мамандандырылған сұрыптау жолына жібереді. Жинақталған вагондар тобын жүк жұмыстарын орындайтын қосындарға топтап жинап, жүк түсіру алаңдарына қояды. Жүк түсіру операцияларын атқарған соң вагондарды жүк тиеу орнына қояды (қос операциялыларды), жинайды және баратын станцияларына сәйкес сұрыптау паркінің жолдарына таратады.
Аралық станциялардағы жүктерді тиеу және түсіру телімнің жергілікті жұмыстарының негізі болып табылады. Телімде поездарды графикке салу үшін вагондардың аралық станцияларда вагондарының аз тұруы және поезд құрастырушылары және локомотив бригадаларының поезд құрастыруда үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты белгіленеді.
Бұл тәуелділік мына шартты орындау қажет
(Lсб/vx)tсмКсбtрзtпрtсд

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: