тілігі жоқ.
Word Wіde Web гипермәтін жүйесінде іздеу серверлерін пайдалана отырып, ақпаратты іздеу барысында тірек сөздерін (іздеу сөздері) сауатты көрсету қажет. Іздеу нәтижесінде іздеу шарттарын қанағаттандыратын Web-парақтары мен серверлерінің тізімі жасалады. Қажетті құжатты немесе серверді таңдағаннан кейін ғана керекті ақпаратқа көшу мүмкін болады.
Іздеу серверлері (іздеу машиналары)
Әртүрлі іздеу серверлері әртүрлі іздеу, сақтау және тұтынушыға ақпарат беру механизмдерін пайдалана алады. Іnternet-тің іздеу серверлерін үш топқа бөлуге болады:
- жалпы міндетті іздеу жүйелері;
- іздеу каталогтары;
- кәсібилендірілген іздеу жүйелері;
Жалпы міндетті іздеу жүйелері. Іздеу жүйелері құжаттарды Дүниежүзілік шырмауықтан тірек сөздері бойынша табуға мүмкіндік береді. Іздеу жүйелері, шын мәнінде, Интернет ресурстары туралы ақпараты бар деректер қоры болып табылады.
Деректер қорын толтыру Web-серверлері оқтын-оқтын "айналып өтетін" арнайы робот-программалардың көмегімен жүзеге асырылады. Робот-программалар барлық кездескен құжаттарды оқиды, олардағы тірек сөздерді бөліп алып, құжаттардың URL-адрестерін деректер қорына енгізеді.
Интернеттегі ақпарат тұрақты түрде өзгеріп тұратындықтан, іздеу жұмыстары бұл өзгерістердің бәрін бірдей қадағалап үлгере бермейді. Іздеу жүйелерінің деректер қорында сақталған ақпарат Интернеттің нақ күйінен өзгеше болуы мүмкін және тұтынушы кейде осы мезетте жоқ немесе орын ауыстырған құжаттың адресін алуы мүмкін.
Деректер қорының мазмұны мен нақты Интернет арасында ең жоғарғы сәйкестікті қамтамасыз ету үшін іздеу жүйелерінің көбі жаңа немесе орын ауыстырған Web-сайт авторының өзіне анкета толтырып, деректер қорына ақпарат енгізуіне рұқсат етеді.
Іздеу жүйесі деректер қорына
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>