н құжат іздеу, іздеу аймағына сұрау салу арқылы жүзеге асырылады. Қарапайым сұраныс бір немесе бірнеше тірек сөздерден тұрады. Біздің ойымызша, олар бұл құжат үшін басты нәрселер болып табылады. Логикалық амалдар, шаблондар т. б. пайдаланатын күрделі сұраныстарды да пайдалануға болады.
Сұранысты жөнелткеннен кейін бірер секундтан соң іздеу жүйесі сізге өзіңіз көрсеткен тірек сөздер табылған құжаттар тізімін қайтарып береді. Іздеу жүйесіне Интернеттің орыстілдік бөлігі бойынша Rambler сервері, ал бүкіл Интернет бойынша Yahoo мысал бола алады.
Іздеу каталогтары. Іздеу каталогтары тақырыптық іздеу үшін қызет етеді. Каталогтар интерфейсінде аса қажетті құжаттардың URL-адрестеріне сілтемелер топтастырылған бөлімдер тізімі бар. Әрбір сілтеме әдетте, аннотацияланған, яғни, онда құжат мазмұнының қысқаша түсінігі бар. Каталогтарды жеке құрастырушылар жасайды, дегенмен, онан соң олардың дамуына осы сайтқа келушілер өз үлестерін қосады. Тарихи тұрғыда Интернеттің Россиялық ресурстарының бірінші каталогы Russіa on the Net сервері болып табылады. Іздеу жүйелері мен каталогтары таза күйінде сирек кездеседі, әдетте іздеу жүйелерінде каталог болады да, керісінше, каталогтар тұтынушыға іздеуге мүмкіндік береді. Мұндай қосымды іздеу серверлерінің интерфейсінде каталог бөлімдерінің тізімі мен іздеу аймағы бар. Іздеу аймағына тұтынушы құжатты іздеу үшін тірек сөздерді енгізе, ал каталогтан белгілі бір бөлімді таңдай алады. Ол іздеу аймағын тарылтып, оны жылдамдатады.
Кәсібилендірілген іздеу жүйелері. Іnternet-тің өзге ақпараттық "қабаттарынан" ақпарат іздеуге мүмкіндік береді. FTP-серверлерінен файлдар іздеу үшін де іздеу жүйелері бар. Lycos (http //fіpsearch. lycos. com. ) аса қуатты іздеу жүйесі болып табылады.
Кәсібилендірілген іздеу жүйелері электрон п
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>