Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптар

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

і болып бөлінеді. Бұйымдарды қолмен тігу кезінде тігістің бес түрі пайдаланылады: түзу, қиғаш, айқасталған, торламалы, қайып тігу.
Түзу тігістер құрылымына байланысты ең жай тігіс, олар бос, тез сөгілетін тігіс болып саналады. Түзу тігістерге түзу көктеу тігіс және көшірме тігіс жатады. Түзу көктеу тігістер бұйымдардың бөліктерін уақытша қосу үшін, машинамен тігу алдында қолданылады.
. Түзу тігістерді тігу үшін инені қиғаштай ұстап матаны үстінен астына жаншиды, сәл алдыға қозғап инені матаның үстіне қайта шығару керек. Көктеп тіккенде инені тігілетін бұйымның бетіне кезек-кезек өткізеді Сонда тігістің жіптері екі бетте де үзік-үзік болып көрініп тұрады.
Көшірме тігіс сызықтарды бір жақтан екінші жаққа көшіру үшін қолданылады. Үлгінің әрбір бөлігінің контур сызықтары бойымен, енін 0,5-0,7 см етіп ілмектеп шығады, содан кейін бөлікті ажыратып, олардың арасындағы жіпті қайшымен абайлап қияды.
Қиғаш тігістерге қиғаш көктеу, шетін ала тігу, бүгіп жапсыру тігістері жатады. Шетін ала тігу. Қолмен тіккенде жіпті тартпай, матаның шетін инемен шаншып солдан оңға қарай тігеді. Жіпті бос тастай, жиі тігу керек. Бүгіп жапсыру. Матаны ішіне қарай қайырып, шетін сәл бүгеді, ине үстіңгі матаның бір жібінен өтіп, одан арй қарай қайырманың ішінен өткізіледі. Инені жиі, арасына 2-3 мм қалдыра шаншу керек.
Киім тігуде көйлек пен белдемшенің етегі, шалбардың балағы, жағаның қиындысы айқасталған тігіспен жапсырылады. Бұл жерде көбіне тігіншілер бұйым тігісін жатқызу мақсатында, яғни қырын шығару мақсатында қолданады. Айқас тігуде инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Айқасталған тігіс солдан оңға қарай тігіледі. Инені матаның ішкі жағының 2-3 жібінен өткізеді, оны өзіне қарай қайырып тастап, инені матаның оң жақ беті бойынша қиғашынан, оң жақтағы бірінші қа

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: