тарға тік түйрейді. Одан соң бір жақтағы тігіс екінші жақтағы екі қабат тігісінің ортасына түсу үшін мата жібінің жоғарыдағыдай мөлшерін (2-3 жіп) түйреп алады, тігіс аралықтары 0,5-0,7 см.
Торламалы тігіс - күрделі тігіс болып саналады. Негізінен торлауға және сетінегіш матаның жиегін тігуге қолданылады. Тігіс оңнан солға қарай тігіледі.
Қайып тігу әрі беріктік, әрі әдемілік үшін қолданады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түседі. Егер машинамен тігу мүмкін болмаса қайып тігу әдісі қолданылады.
Қолмен іс тігушінің негізгі құралары: ине, қайшы, үлгі, оймақ.
4. Сарамандық жұмыс технологиясы 15 мин.
Қауіпсіздік ережесі.
1. Қылыштасты ағайынды екі батыр,
Кескілесті екеуі шатыр-шұтыр.
Ағайынды екеуінің кескілесі,
Тігіншіге пайдасын тигізіп жатыр. (Қайшы)
2. Жүрген сайын жүйрігім,
Қысқартады құйрығын. (Ине)
Технология пәні ептілікті, икемділікті, шеберлікті қажет етеді. Әр істі бастар алдында халық мәтелін есте ұстаған жөн. "Талаппен бастап, талғаммен аяқта" осы мақалда үлкен мән-мағына бар.
Негізгі қаралатын өзекті мәселелер Жұмсалатын уақыт
1 Алғашқы нұсқау 3 мин
2 Жұмыс орнын ұйымдастыру 3 мин
3 Технологиялық картамен жұмыс:
а) репродуктивті жұмыс 3 мин
4 Ағымдағы жұмыс 3 мин
5 Нысанның (соңғы) жұмыстары 3 мин
5. Сергіту сәті. Қыздар қол тігістерін орындай отырып, еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз, қолөнерді сөз өнерімен ұштастырайық.
Мазмұнына қарай мақал-мәтелді жалғастырыңыз
1. "Жіп жіңішке . . . . . . үзіледі". (жерінен)
2. "Жіптің ұзыны жақсы, Сөздің . . . . . . . . жақсы". (қысқасы)
3. "Тігіншіні . . . . . . . асырайды". (ине)
4. "Тігінші кем істейді, . . . . . .
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 | 12 > >>