Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

р, оймақ, бор, қайшы, сантиметрлік таспа, түйреуіш жатады Енді әрбір құралдарға сипаттама беріп түсіндірейік.

Оймақ-пластмассадан немесе болаттан жасалатын,жұқа мыс немесе альюминиден қапталған қалпақша. Оймақ тігу барысында саусақты инемен шаншып алудан қорғайды. Оны оң қолдың ортаңғы саусағына киеді. Оймақты оң қолдың саусақтарына дәл келетіндей етіп таңдайды.

Түйреуіш - бұйым бөлшектерін түйреу үшін пайдаланылады. Түйреуіштердін
ұзындығы 3-4 см болады. Олар жіңішке, жақсы тегістелген (тегіс) болуы тиіс.


Тігінші боры-қима үлгінің пішімдерін дәл сызу үшін қажет. Ұшы жіңішке болып келеді. Борлар жіңішке болуы үшін, оның шеттерін қалыңдығы 0,5 - 1,5 мм - ге дейін ұштаған жөн.

Кескіш - сапты өткір тісті металл диск (дөңгелек) болып келеді. Жұқа мата бөлшектерінен немесе қағаздан жасалған лекалолардан сызықтар мен белгілерді келесі бөлшектергекөшіру үшін қолданылады.

Сантиметрлік таспа-мата өлшеу үшін қолданылады. Сатиметрлік таспаны созып немесе бос ұстамаған жөн. Ондай жағдайларда өлшем қате алынуы мүмкін. Ұзындығы 150 см - ге тең.

Сөккіш - бұл ілмекті немесе тігін тігістерін сөгуге арналған тігін құралы.

Қол инесі - инелер үшкір, серпімді,сынбайтын қатты, тегіс болуы қажет.
Ине жуандығы мен ұзындығы, ине көзі бойынша әртүрлі өлшемде болады.
Ине өлшемі біліктің жуандығына байланысты қойылады. Инеде әртүрлі нөмірлер болады, тақ және жұп. Тақ нөмірлі инелер жұп инелерден ұзындау болады.

Жіптер - киім тігуге матаның құрылысына қарай 30,40,50,60,80 мақта, сонымен қатар жібек жіптер пайдаланады. Жіптердің нөмірі артқан сайын, олар жіңішке болып келеді.

Қайшы - киім бөлшектерін пішуге, жіптің ұшын қыюға арналған. Жіптерді қию үшін шағын қайшылардыпайдаланған жөн. Қайшы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: