Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

үседі,
Әсеммін, көз тартамын.
Көркі асқан қыз келін,
Мені киіп гүлденер.
Шымылдық,жапқыш, көрпе де,
Менімен көркем күйге енер.
Атауымды айта ғой,
Тереңінен тарта ой. (жібек мата)
3. Мені іздесең әр кезде,
Табасың ұлттық киімнен.
Зер төгілген ізімнен,
Хас шебердің үйінен.
Әсем жатыр көркіммен,
Шапанға да әр берем.
Ал,қыздарым сіздерге,
Әшекейлі сән берем. (парша)
4. Менен тіккен халатты,
Аналар қарап ұнатты.
Қыс кезінде ағалар,
Шұлғау ғып та орапты.
Жылы жұмсақ көйлекті
Қыста ұлдар қалапты
Ал келіңдер балаға
Жаялыққа жаратты
Сонда мен қай матамын
Қане,жылдам атағын. (Пәйке)
5. Матамын әр кез төзімді,
Матадан алар бөзімді.
Үлкендер де кіші де,
Сәндікке киер өзімді.
Көп жуса тез қысқарам,
Қажетімді білер ұстаған.
Бүктелсемде сан рет,
Үтіктелсем жақсарам. (Шыт мата)
6. Қалың мата саналам,
Мал жүнінен алады.
Суықты жұмсақ түгімнен,
Адамдар пана табады.
Күздік-қыстық киімді,
Ұл қызың киіп сүйінді.
Менің атым не екенін,
Қыздарым табар түйімді. (драп)
7. Сәндік киім тігетін,
Қалың түкті матамын.
Ұлттық киім нышаны,
Қасиетті затқа жатамын.
Сондықтан да аналар,
Қызына қояр атымды.
Атауымды кім табар,
Айта ғой қызым батамды. (мақпал)
Ал енді қауіпсіздік ережесіне тоқтала өтсек. Қол жұмысы кезінде есіңе сақтайтын қандай қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?(оқушылар жауабы тыңдалады)
Инемен және қайшымен жұмыс.
Ал енді балалар жаңа сабақты бастаймыз. Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптармен, құралдармен танысу.
Балалар біздің қол жұмысы кезінде пайдаланылатын аспаптармен және құралдармен танысайық, оған қол инесі, жіпте

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: