Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ тақырыбын хабарлау. Әбілхан Қастеевтің "Таң шапағы" жұмысы. "Сергіту" сәті. Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғыларды көргенде шапалақ ұру; қол жұмысы атауы аталғанда орнынын тұру. Тігім, қол инесі, инешаншым, қайшы, оймақ, көктеу, сантиметрлік таспа, торлау, түйрегіш. ІІ. Оқушылардың білімін бақылау мазмұны. Әбілхан Қастеевтің "Мақталы алқап" жұмысы. Мақта, зығар маталары. Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғыларды сипаттау: материалы, түрлері, қолданылуы. Қауіпсіздік ережелері. ІІІ. Жаңа сабақ. 1). "Ұшын түймегеннің, үш шаншым ісі қалар" Жіптің матаға өрілуі - инешаншым деп аталады. Инешаншым-иненің екі шаншымы арасындағы жіптер. Тігім - қайталанған инешаншымдар қатары. Инешаншымдар ұзындығы - шаншылып алынған инелердің арақашықтығы, ол мата қалыңдығы мен орындалатын жұмыстың түріне байланысты болады. Тігіс ені -бөлшектің қиылған жері мен тігімнің арасы. 2). Тарихқа көз жүгіртсек. . . "Жіп иіру". Үлкендер балаларын жұмысқа қызықтыра түсуі үшін "жүнді тұмсығыңа дейін түтсең, мұрныңнан маржан түседі" деп иландырып шапшаңдыққа тәрбиелеген. "Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды". Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мал өрісінің жаздық, күздік жайылымы жағдайына қарай қоныс қуалап, көшпелі өмір сүрген қазақ ауылы өнеркәсіп орталығынан қашық жатты. Матадан, теріден,өрмек өнімінен жасалатын киім-кешектерді, саба,торсық, үйге жабатын киіз сияқты заттардың барлығын да қолмен тікті. Қолмен тігу отбасының мұқтажын өтеумен қатар, заттарды көркемдеп тігуде де тиімді әдіс саналды. Киімдерді, төсек-орын жабдықтарын қол инемен кестелеп тігудің а
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>