Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптар

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

ай кері бағытта қайталаймыз. Ине ұшын төменнен жоғарыға қарай ұстаймыз.
3. Келесі қатардың тігісін жүргізу үшін инені төмен қарай бұрамыз.
4. Кестелеуді осы реттілікпен жалғастырып, өзімізге керекті өлшемге дейін толтырамыз. 5. Соңғы төменгі қатарды толтырған соң, жоғарғы тігісті оңнан солға қарай айқастырып орындаймыз
Техника қауіпсіздігін сақтау.
V. Бекіту кезеңі.
Қорытындылау. Кесте тігу ұнады ма? Кестелеуге қажетті жіптің түстерін қалай таңдаймыз? Кестелеуге неліктен селдір мата пайдаланамыз?
VI. Бағалау. Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып,бағалау.
























Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының тарихы. Машина түрлері, жұмыс істеу ережелері. Машина тігістері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тігін машиналарының түрлері, тарихын, жұмыс істеу ережелерімен таныстыру. Машина тігісінің түрлері мен терминологиясы туралы білім беру. Оқушылардың машинатанудағы танымдарын, түсініктерін қалыптастыру. Еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері: Білімділік: Жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
Тәрбиелік: Жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Тігін машинасаның түрлері, Тігін машинасы тігісінің түрлері, Тігін машинасына дұрыс отыру тәртібі суретті - плакаттар, слайд көрсету.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, ой-бөліс. <

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: