Қобыз-замананың үні

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

атаған. Іші қуыс, орта шеніне дейін шанақпен жабылған аспаптың «қобыз», «қауыс», атаулары фонетикалық тұрғыдан өзара жақын. Кобуз (қарақалпақша), комуз (туваша), кубыз(татарша), қияқ (қырғызша), кобуз (түрікше), гиджак (түркіменше, өзбекше), кәмәнші (тәжікше) атаулар түгел осы қобыздың аз ғана фонетикалық өзгеріске түскен аттар.
«Кейде аспаптың атын қыл ішегінің санына қарай ( екі, еки, ики, ыхи) деп атайды. Мысалы: еки-гил-игил(туваша), икили( алтайша), ых (хакасша), их-хур(маңғолша)»- деп жазады музыкатанушы Г. Омарова
Қазақ қобызының ішегі жылқы қылынан жасалады. Сондықтан бұл аспап халық арасында қылқобыз атауымен танымал. Ал одан дыбыс ысқы арқылы шығарылады. Бұл үшін де жылқы қылы пайдаланылады. Сондықтан қыл қобыз ысқылы аспаптары тобына жатады. Аспап жынғылдан, үйеңкі секілді ағаштан ойып жасалады. Қобыз бір көрерге қарапайым ғана аспап болғанымен, оның дәстүрлі үлгісін жасауға қойылар талғам-талаптар көп. Қобыз шабу үшін қайың, жыңғыл, емен, үйеңкі сияқты ағаштарды таңдайды. Әсіресе шор болып біткен қайыңның безінен шабылған шұбар қобызды қастерлеп, кие тұтатын дәстүр бар болған. Музыкалық аспап жасайтын ағашты қазақ шеберлері әдетте күзде кеседі. Жыл уағының басқа маусымында кесілген ағашты білікті шеберлер «шикі ағаш» деп, қажетіне жаратпайды. Жыр жолдары жай ғана поэзиялық теңдеудің айғағы емес, дәстүрлі қобыз үлгісіне қажет жасау –жабдықтарды да айқын аңғартады. Дәстүрлі талғаммен жасалатын қобыздың ағашын таңдауға айрықша мән берілетіні де рас. Одан әрі түйенің бауыр терісімен қобыз шанағын қаптап, тиегі мен құлағын қажымас үшін мүйізден салады. Қобыздың ішегін айғырдың құйрығынан жасап, тағады.
Аталмыш саяхатшылар келтірген деректерге сүйенсек, қобыз аспабы біздің жыл санауымыздан арғы кездерден белгі беретіні сөзсіз, және де солардың мәл

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: