Қобыз-замананың үні

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

е болып, өзінің «Сібірден хат» атты қолжазбасында қобыз бен сыбызғы туралы былай деп ой білдіреді: «Сыбызғыны үрлеу барысында ойығын теріп, баса отырып, қоңыр жай үн шығарады, алайда созуы ұзақ. Бұл аспап алыстан волынка сияқты естіледі. Келесі күйші ерекше үлгіде жасалған скрипкамен (қобызбен) сыбызғыға қосылып отыр. Ойнау мәнері бас- скрипкаға келеді. Дыбыс жаңғыртатын ойығына ағаштың екі жағын оймалап шабу арқылы жасаған, мұны қобыз деп, ал әлгі ысқырық аспабын - сыбызғы дейді» -деп жазады ғалым А. Сейдімбек. Осы жерде И. Сиверс қобызды бас-скрипка деп айтып кетеді. Аталмыш бас-скрипка дегеніміз - ол бұрынғы нар- қобыздар, бүгінгі қыл қобыздармен салыстырғанда үлкенірек, альт- қобыз сияқты жасалған және оның дыбысы да төмен, жуан болып шығады. Осы деректер мен қолжазбаларына сүйене отырып, ертеде қылқобыз тек қана бақсылардың қолында ғана болмай, халықтың өнерпаздары, жыршылары кең қолданған аспап деген қорытындыға келеміз.
Көп деген орыс саяғатшыларының ішінде И. Г. Андреевтың (1743-1801) қолжазбаларында да Орта жүз қазақтарының өмір салты, қоныс-тұрағы сипатталып, бұл ортада қобыз бен сыбызғы аспабының көбірек қолданылатыны, сондай-ақ ән—күйлерінің суырып салмалық (импровизация) сипатының басым екені жан-жақты суреттелген.
Орта Азия халықтарының, соның ішінде қазақ халқының музыкалық мәдениеті жөнінде этнограф А. Эйхгорнның (1844-1910) еңбектері өзінің ғылыми деректерімен назар аудартады. Оның еңбектерінде қазақтың 30 әнінің ноталық жазбасы мен қазақтың музыкалық аспаптары алғаш рет ғылыми байсалдықпен сипатталған. Қобыз, домбыра, сыбызғы сияқты аспаптардың бітім-қасиеті, құлақ күйі, дыбыс қатары, үнделі және ойнау тәсілдері жан-жақты зерттеліп сараланған және де аспаптың музыкалық мүмкіндігін білдіретін ноталық жазбалар келтірілген.
Сондай-ақ Торғ

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: