Қобыз-замананың үні

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

іметтері бойынша, соңғы екі-үш ғасыр аясында жетекші аспап ретінде алдымен қобызды ауызға алатынын аңғарамыз.
Түркі халықтарының музыка аспаптарының ішіндегі ең көнесі, ең күрделісі, – қазақтың қылқобызы болып табылатын тұжырымға келеміз. Қылқобыздың түркілік ысқылы аспаптардың атасы екені де шындыққа жақын. Б. Аманов пен өнер ғылымының докторы А. Мухамбетованың сөздеріне қарағанда - «. . . . согласно исследованиям В. Бахмана, распространившись за пределы кочевого мира Центральной Азии, кылкобыз стал предком всех европейских смычковых струнных инструментов скрипки, виолончели и др. »8, 114,б Бұл жазған сөздердің де мәні бар.
Жиhангер П. Паллас пен академик Ә. Марғұлан жазбаларында қылқобыздың бейнесі аққуды елестететіні, ал оның дыбысы аққу үніндей әсерлі шығатынын айтады. Халықтың мифологиялық санасында аққу құсқа өте маңызды рөл беріп, оның үш сфераға (аспан, жер, жер асты) қол жеткізетінін білдірген деген тұжырымдар да жоқ емес.
Шыныменен, қобыздың жасалу формасы аққуға ұқсайды. Көлденеңінен қойса, басы, мойны, шанағы бәрі ұшып бара жатқан аққуды көз алдына келтіреді. Қазақта аққудың терісін киген бақсы өте қадірлі саналған. Аққу-үздіксіз жылжитын күннің ишарасы. Ит-Ала-Қаздың он екі баласының бірі аққу құс жерге де, тұнық суға да, көгілдір көкке де ортақ болғандықтан, қазақтар үшін айрықша қасиетті- құстың төресі болып саналатыны белгілі.
«Сонымен қоса қобызды үш мүшеге бөліп те қарайды. Универсум – жоғары әлем құрамын білдіреді, онда құдайлар мен қанаты барлардың бәрі өмір сүреді. Ортаңғы әлем – адам және жылы қанды жануарлардың тұрағы. Төменгі әлем – онда арам рухтар, жорғалаушылар мен жүзетіндер – балық, жылан, кесірткелер тіршілік етеді. Қобыздың қалақша тәріздес басы арқар мүйіз формасындағы металл салпыншақтармен әшекейленген, бұл жоғары ә

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: