ай өңірінде болған орыс саяхатшы-журналист Д. М. Львович өзінің «Қазақ даласында» деп аталатын очеркінде қазақ музыкасы жөнінде қызықты деректер келтіреді. Мысалы, сапар барысында Д. М. Львович Доспай деген кісінің үйінде болыпты. Сол жерде қобыздың үнін әнге қосып естігенін жазады. Сол үйдің келіні қобызды алдырып, әнші Нұрғожаның қолына ұстатқызады. Зардай сызылта сызылған қобыз үні аз сәтте құбыла көтеріліп, көк пен көкіректі кернеп ала жөнеледі»-деп жазады Д. М. Львович.
Осындай құнды деректер, қобыз аспабының бұрын тек қана бақсы- балгерлердің қолында ғана қолдаланынбай, қобыз әнмен қосылып, жыр толғайтын, эпикалық, тұрмыстық күйлер өзінің орындау барысында, қобыздың өзіне ғана тән иірімдерімен ерекшеленіп келетінін байқаймыз.
Әрбір халықта өріс алған белгілі бір аспаптары болады. Осы жерде, ыспалы аспап- қылқобыз қазақта кең тараған музыкалық аспап екенін ерекше анғартады. Ғалымдар Н. Финдайзин, В. Виноградов «кылқобыз» терминін ысқы, тіл және шертпе әдістер мен аспаптар тобына жатқызды, яғни бұл термин жалпы музыкалық аспапты білдіреді, ал оның түрлері қобыз, қомуз, кобуз, қияқ және басқа атаулармен кеңінен мәлім.
Қобыз атауы нені білдіреді, қайдан шыққан? Оны алғаш жасаған кім еді? Әрине бұл жерде біз екі нәрсеге табан тірейміз. Бірі ғалымдардың ғылыми болжамы –логикалық қисын, екіншісі аңыздар. Бұл туралы анық жазылып қалған тарихи дерек жоқ. Зерттеушілер әртүрлі болжам, пікірлер айтады. «Қазақ тілінде ковы (қобы) деген сөз бар. Іші қуыс, науа деген мағына береді. «Қобыз атауы іші қуыс деген сөзден туындаған» дейтін болжам осыдан шыққан. Бұл ұғымның арғы түбірі «қыпшақ» сөзімен төркіндес екенін Рашид ад-Дин шежіресінен де аңғарамыз. Қазақ, өзбек халықтарының музыкалық аспаптарын сипаттаған А. Ф. Эйхгорн екі ішекті, ысқылы аспапты «қауыз» деп
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>