ы синкретизм көрініс болып табылады. Сонымен қатар, бақсының генетикалық өнері туралы белгілі ғалым-тюрколог Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) өз еңбектерінде көп деген мағлұматтар қалдырды. Ғалымдар өз еңбектерінде бақсы-шамандардың емдері қобыз аспабынсыз жүрмейтінін дәлелдейді.
Осы ойды профессор, музыкатану ғылымының –докторы С. Күзенбай былай деп жалғастырады: -«Ұлттық мәдениетіміздегі көп өнерінің ішінде, сөз өнері ең алдында тұратын құбылыс. Мұны біз бақсылардың поэзияларынан байқаймыз. Осы жерде бақсылар қобызбен ем-дом беру арқылы, немесе жыршылық өнер арқылы образдық сөз өнерін қолданып, ауыруға үлкен магиалық әсер береді».
«Шоқанның сүйікті әжесі Айғанымның үйі ақын, жыршы, әнші, күйшілердің думанды ордасы болып, Жанақ пен Шөже, Арыстанбай мен Орынбай, Біржан сал мен Тоғжан, Шәрке сал, Қанғожа сынды ақын - жыраулар қобызбен жыр толғаған. Болашақ ғалым Шоқан осындай өнерлі ортада өсіп, ән мен жырға, аңыз-әңгімелерге ерекше ден қойды. Ал әкесі Шыңғыс әрі домбырашы, әрі қобызшы еді. Шыңғыстың «Бақ менікі ал өнер Қанғожаныкі» дейтін сөзі бар. Қанғожа Шыңғыстың інісі, қобызды асқан шеберлікпен аңырата тартатын, көне күйді көп білген кісі болған екен»
Нақ осы аспап жыршының айнымас серігіне айналған, оның сүйемелдеуімен эпикалық жырлар, аңыздар айтқан. Батырлардың қаhармандық өмірі мен ерлігін, және өз ата-бабалары қалдырған кең байтақ жеріне үлкен сүйіспеншілікпен жырлаған. Мысалы: Кет- Бұға, Қазтуған жырау, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкииз жырау, Бұхар жырау, Умбетей жырау, Жиімбет жырау, Марғасқа жырау сияқты өнерпаздар қылқобызды айырылмас серік еткен.
Осы айтқан сөз Мұхтар Мағауиннің «Қобыз сарыны» атты кітабында дәлелденеді: - «Кет-Бұға ауыр ойдан серпіліп, сылбыр қимылмен қобызын оңтайлады да, Қорқыттың күйіне басты. Қобыздың қыл ішегінен созыл
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>