Қобыз-замананың үні

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

.
Революцияға дейінгі кезеңде қазақ халқының музыкалық мәдениеті этнограф-ғалымдарының, ХVІ-ХVІІ-ғасырларда жасаған орыс саяхатшыларының қызығушылықтарын арттыратын. Олар өз еңбектерінде қылқобыз туралы көп мәліметтер қалдырды. Мысалы, фольклортанушы ғалым И. Левшин де 1820-шы жылдары қазақтар арасында болып, халықтың мәдениетін зерттеп, қазақтың музыкалық аспаптарын, оның ішінде қобыз туралы елеулі мәліметтер қалдырды.
Осы айғақтар, деректер арқылы ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ халқында қылқобыздың кең қолданыста болғанын аңғарамыз. Шет елдерден келген саяхатшылар да, қазақтын музыкалық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдірді. Солардың бірі, Орынбор өлкесінде ұйымдастырылған экспедиция құрамында болған ағылшын суретшісі Джон Кэстль өз еңбегінде, қазақ музыкасына қатысты көп деген деректер қалдырды. Осы деректерде домбыра мен қобыза аспаптары, ауыл арасында кең қолданыста болғанын айтады.
Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, аса көрнекті ағартушы демократ – Ш. Уәлиханов (1835-1865)өз ұлтының өнері мен тарихын зерттей отырып, қазақ музыкасының дамуына зор үлес қосты. Сондай-ақ, өзінің бірқатар еңбектерінде:- «Қазақ даласында болған шаман-бақсылардың өнеріне ерекше назар аударған. Осы жерде бақсы мен шамандардың ұлт мәдениетіндегі елеулі тұлғалар екенін және көне дәстүрінің белгісі –бақсылық пен шамандық деп тұжырымдайды. Ал бақсының ажырамас аспабы - ежелгі қазақтың қара қобызы. Қобыздың қыл ішегінде орындау қиын болса да, оның үні жағымды аспаптар тобына жатқызылады. »
Ғалымның сөзіне сүйене отырып, бақсылар табиғат бойынша өте дарынды болып келеді екен. Бір жағынан олар магияны меңгерген «сиқыршы», аруақтармен байланысты емші, екінші жағынан - талантты музыкант, әртіс, ақын-импровизатор. Олардың салт -дәстүрі мен музыкасы, ем-дом беретін әдет-ғұрып

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: